Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Фонетикадан өткенді қайталау
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
Мақсаты: Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, оқу - білімге деген ынталарын арттыра отырып, сөздік қорын дамыту.
Бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтайды, талдайды.
2. Оқушылар математикалық тәсілмен фонетикалық талдау жасай алады.
3. Пікірлерін толық айтады.
Табыс өлшемі: Ұжымдасып еңбек ету қалыптасты.
Оқушылар топтық жұмыста, сабақты меңгеруде, шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытты.
Бағалау өлшемдерін анықтай білді.
Негізгі ой/ тәсілдеме: Сабақты меңгеруде барлық оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатындағы үлестірме тапсырмалар, орындаған тапсырмаларын талдай білуі, топтық жұмыс арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.
Оқулық: Қазақ тілі. Авторлары: Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова. Алматы «Атамұра»- 2010ж.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі;
Дыбыстар арқылы топқа бөлу;
«Мен қандаймын?» тренингі
Әр оқушы өзі туралы есімінің бірінші әріпіне сәйкес бір жақсы қасиетін айтады.
Әліпбидің алғашқы төрт әріпі арқылы топқа бөлінеді. – А – Ә – Б – В

Үй тапсырмасын қайталау.
«Мен саған, сен маған» әдісі бойынша топтар сағат тілімен бір - біріне сұрақтар қояды.
«Ізден тап» әдісі
І топ: Әр сөз Е, Ж, Қ әріптерінен басталатын үш сөйлем құрау.
ІІ топ: Бірдей әріптен басталатын және аяқталатын сөздер жазу.
ІІІ топ: Құрамында төмендегідей əріптер қатар келген сөздерді
жазу.
а + й + ы = қайық
е + й + і = мейіз
ұ+ й + ы = тұйық
ІV топ: Қатаң дыбыстардан басталатын қазақтың ұлттық киімдерін тауып жазу.

1. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.
Мәтінге байланысты тапсырма беріледі.
«Әже»
«Сен оны құрметте»
«Нан – қасиетті тағам»
«Өзі кінәлі»
2. «Талда, жауап бер» әдісі
Тақтада талдау жұмысын жүргізу.
- Мұғалім, әдебиет (фонетикалық),
- Оқушыларымыздың (сөз құрамына),
- Айдар әкесімен бірге есік алдында тұрған. (сөйлем мүшесіне)

«Кім көп есте сақтады?»
Проекторда суреттер 4 секунд көрсетіледі. Оқушылар қаншалықты есте сақтаған суреттердің атауын дәптерге жазады.
Ойланады, қорытады І топ: «Фонетика» сөзіне сөзжұмбақ жасау.
ІІ топ: «Дыбыстар әлеміне хат».
ІІІ топ: «Әліпби» сөзіне ребус құрау.
ІV топ: Метаграмма жазу.

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева

Фонетикадан өткенді қайталау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама