Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Кіріспе
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға жете назар аударылмайтындықтан мектеп балаларының басым бөлігі оқудың, оқу пәндері арқылы алынатын білік - дағдылардың өз өмірлеріне қажеттілігін түсінбейді, оның өз болашағымен сабақтастығын сезінбейді. Балалардың арасында оқуды күнделікті мектепке барып, белгіленген сағат мөлшерінде сыныпта отырып қайтуға тиіс міндет секілді қабылдайтындардың бары да жасырын емес. Сол себепті де «Қазір балалар сабаққа қызықпайды», «Оқушылар тек ата - анасынан қорыққанынан сабаққа келеді», «Өздігінен оқуға, тапсырманы орындауға икемсіз», «Олар тек баға үшін оқиды», «Оқушылар оқуға құлықсыз, қазір айтқаныңды қазір ұмытып қалады» деген сөздерді үлкендер аузынан жиі естіп қаламыз. Оның дәлелін өз пәнімізге қатысты алсақ, қазақ тілін он бір жыл оқыған балалар 11 - сыныпта Бірыңғай ұлттық тестіден жоғары балл жинау үшін репетитор іздейді. Осының себебі не? Неге бала он бір жыл ішінде қажетті білім қорын меңгере алмады? Қазіргі ҰБТ бойынша ұсынылатын тест тапсырмаларының тек грамматикалық білімді тексеруге құрылғанын ескерсек, мектепте тіпті фактологиялық білімнің өзі де дұрыс меңгерілмей отырғаны ма? Он бір жыл бойы білім бергеніміздің нәтижесі қайсы? Еткен еңбек, өткен уақыт зая кеткені ме? Егер бір күні әлемдік білім кеңістігіне ұмтылып отырған мемлекетіміз өркениетті елдердегідей мектеп түлегінің білім деңгейін өмірлік дағды тұрғысынан, яғни, құзыреттіліктер бойынша тексеру жүйесін бірден енгізіп жіберсе, қайтпекпіз? Онда құрғақ білімнің өзін меңгеруде осалдық көрсетіп отырған балаларымыздың жайы не болмақ? Санай берсең сұрақ көп, жауап жоқ. Барды бағамдай, жоқты түгелдей келгенде бір нәрсе анықталды: мектепте білім үстірт меңгеріледі, яғни қазақ тілі пәні ұғымдарына мән бере оқытуға жете көңіл бөлінбейді. Сонда не істеу керек? Қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, оның тіл туралы дүниетанымын қалыптастыруға мән бере оқыту қажет.
Бүгінгі ұстаздардың алдында төмендегідей мақсат - міндеттер тұр:
Мақсаттары:
1. Білім алушылардың дайындығын тәуелсіз бағалануы негізінде жалпы білім берудің сапасын мемлекеттік бақылау және басқарумен қамтамасыз ету;
2. Кәсіптік білімді таңдауға дайындау мақсатында білім алушыларды саралау;
3. Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету;
Міндеттері:
1. Қорытынды аттестация барысында жалпы білім беру мектептерінің 11 – сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен дайындық деңгейін анықтау;
2. ҰБТ – ны табысты тапсыруға оқу жылы бойы дайындау;
3. Өзіндік сенімін болуға баулу;
4. Өзіндік бағалауын анықтау;
5. Стрессті жеңуге жол көрсету;
Күтілетін нәтиже:
1. Мұғалім біліктілігін арттыру;
2. Оқушының білімдегі сапа көрсеткішін көтеру;
3. ҰБТ бойынша жоғары пайызға жету;
Мектептің дамуы сапалы білімді, толеранттық және ұлтаралық мәселелерді шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтіледі. Ал саналы білім беру тікелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалімнің кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыру басты назарда. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұстаздардың мерейін үстем етіп, білімді ұрпақ – білімді ұстаздардан, білікті маманнан екенін өз жолдауында айтып кетті. Білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім сапасын көтерудің басты құралы есебінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу енгізілгені белгілі. ҰБТ - ның мақсаты - мектеп бітіруші түлектердің негізгі төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендігін анықтау. Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту – мұғалімнің ең басты міндеті. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгі өмірге даярлайды, оқушының болашақта белгілі бір мамандық иесі болуына жағдай жасайды.

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева

Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама