Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Фонетикадан алған білімдерін жинақтау, бекіту.
Міндеттері:
Білімдік: фонетикадан алған білімдерін тексеру, жинақтау, бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу, ойын айту қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: бір - бірін сыйлауға, оқуға, білімге құштарлыққа, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ақпараттық оқыту технологиясы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, плакат т. б
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Топқа бөлу.
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Ой қозғау
Т әрпінен басталатын қандай жақсы көретін сөздеріңіз бар?

«Ақыл қалта»
Тілегім бар бір ғана:
Шығып ал да арманыңның шыңына
Сосын мейлі ұш та самға, сырғана (М. Мақатаев)

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.
1. Ертеде Фонетика патшалығы елінде Фонетика деген патша болыпты. Жан - жақты, үбірлі - шүбірлі, өсіп - өнген патшаның ұрпағы бүгін бізге қонаққа келіпті. Соларды үй - үйге таратып алайық.
Т, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, А, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я.
І топ. Жуан, жіңішке дауыстылар.
ІІ топ Ашық, қысаң, еріндік, езулік.
ІІІ топ Дауыссыз, катаң.
ІV топ Ұяң, үнді дауыссыздар.

2. “Жуан және жіңішке сұрақтар”
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қандай?
2. Үндестік заңы деген не?
3. Ілгерінді ықпал деген не?
4. Кейінді ықпал деген не?
5. Тасымалданбайтын сөздер қандай?

1. Әріп деген не?
2. Буын деген не?
3. Неше әріп бар?
4. Қосарлы дыбыстарға не жатады
5. Неше дауысты дыбыс бар?

3. Сатылай кешенді талдау
І топ. “Мұрагер” сөзі
ІІ топ “Талабым” сөзі
ІІІ топ “Таудай ” сөзі
ІV топ “Баламын” сөзі

4. Семантикалық карта
Мысалдар -------- Дұрыс ------ Бұрыс
Ба - қыт - ты
Бал - ал - лық
Сау - ық
Жай - ық
Ар - ман - да
Бас - шы
Тау - дай
Дос - ым
Оқ - у - шы
Се - зім

Мысалдар ------ Ілгерінді ықпал ------ Кейінді ықпал
Мектебім
Көрігі
Жас шағым
Серігі
Құсша
Көп бала
Қонысбай
Ақ лақ

6. Өзіндік жұмыс.
Буынға бөліп жаз
Мен таулықпын
Қыранның балапаны
Маған дағы тауымның таңы атады
Қарапайым қалтқысыз жырларымды
Қажетіне өз халқым жаратады.
(М. Мақатаев)

IV. Ой толғаныс кезеңі
1. Ақынға хат.
2. Менің сабақтан алған әсерім
V. Үйге тапсырма:
1. Фонетика патшалығы. Ертегіні аяқтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама