Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Фонетикалық кешенді талдау
Фонетикалық кешенді талдау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың фонетикадан алған білімдерін нығайту, тиянақтау, жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;
ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізе білуін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ізденушілік, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сыныптың дайындығын қадағалау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру.
Үйге берген жаттығу жұмысын тексеремін.

III. Сайыс сабақ.
Оқушылар, бүгінгі фонетикалық кешенді талдау сабағын сайыс сабақ түрінде өткіземіз. Сайысқа екі топ қатысады.

Сайысымыздың шарттары:
1. «Эстафеталық сайыс». Әр қатардың бір оқушысына эстафета сұрағы беріледі. Әр оқушы өзінің білетін бір ғана жауабын айтып, келесі оқушыға өткізеді. Сөйтіп, қатардағы әрбір оқушы өзі білетін бір сұраққа жауап береді.
2. «Сауаттылықты ашатын хаттар». «XXI ғ. жастарының қоғамдағы орны» тақырыбына ой толғау жазу. Жазылған мәтіндер топта талқыланады. «Автор орындығы» бойынша әр топтан бір оқушы ортаға шығып, топтың ең үздік жұмысын оқиды. «Галерея» бөлімінде ең сауатты, көркем, үздік жазылған жұмыс тақтаға ілініп қойылады.
3. «Жарыс» ойыны. 1 - қатарға «заңдастырылған», 2 - қатарға «мемлекеттердің» сөзіне фонетикалық талдау жұмысы беріледі.
4. «Қыз қуу» ойыны. 1 - қатардан қыз бала, 2 - қатардан ұл бала шығады. Мысалы, қыз бала үстеу мағынасына қарай 7 - ге бөлінеді десе, ұл бала оны жалғастырады. Қайсысы кідіріп қалса, сол жеңілген болып саналады.
5. «Сіз білесіз бе?». Бұл бөлімде тест тапсырмалары беріледі.

1. Эстафеталық сайыс.
1 - қатар сұрақтары:
1) Фонетика нені зерттейді?
2) Буын үндестігі дегеніміз не?
3) Кейінгі ықпал дегеніміз не?
4) Қандай сөздер бөлек жазылады?
5) Ерін үндестігі дегеніміз не?
2 - қатар сұрақтары:
1) Бейімдестік заңы дегеніміз не?
2) Буын және оның түрлері?
3) Қандай сөздер бөлек жазылады?
4) Орфография мен орфоэпияның ережесін айтыңыз, мысал келтіре отырып.
5) Үндестік заңы дегеніміз не?

2. Сауаттылықты ашатын хаттар.
«XXI ғ. жастарының қоғамдағы орны» тақырыбына ой толғау жазу.

3. Жарыс ойыны.
1 - қатарға «заңдастырылған», 2 - қатарға «мемлекеттердің» сөзіне фонетикалық талдау жұмысы беріледі.
З – дауыссыз, ұяң, тіл алды.
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
Ң – дауыссыз, үнді
Д – дауыссыз, ұяң, тіл алды
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
С – дауыссыз, қатаң, тіл алды
Т – дауыссыз, қатаң, тіл алды
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
Р – дауыссыз, үнді, тіл алды
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік
Л – дауыссыз, үнді, тіл алды
Ғ – дауыссыз, ұяң, тіл арты
А - дауысты, жуан, ашық, езулік
Н – дауыссыз, үнді, тіл алды

4. «Қыз қуу» ойыны.
Қыз бала: ау өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыс дейміз. Тілде 12 дауысты дыбыс бар. Дауысты дыбыстардың жасалуына жасалуына ерекше сөйлеу мүшелерінің қатысуына қарай дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар..... Қыз тоқтаған жерден жігіт жалғастырып кету керек. Жалғастыра алмаған жағдайда жеңілгені болып есептеледі.

5. Сіз білесіз бе?
Тест
1. Буынға бөлінбейтін сөз қатарын белгілеңіз.
а) күн, ақ, ант б) Астана, кереге в) оқшантай, қант
2. Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді табыңыз
а) терістік, алқызыл б) жаңбырлы, білезік в) түйетабан, мұғалім
3. Қанша дауысты дыбыс бар?
а) 12 б) 15 в) 11
4. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы?
а) морфология б) синтаксис в) фонетика
5. Тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
а) жуан, жіңішке б) еріндік, езулік в) ашық, қысаң
6. «П» қандай дыбыс?
а) ұяң б) еріндік в) қатаң

IY. Үйге тапсырма.
Журналдан ұнаған бір мәтінді оқып, ішінен 5 сөзге фонетикалық кешенді талдау жасаңыздар.
Y. Бағалау.
Сабаққа қатысымын қарап бағалаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама