Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
«Ер Тарғын» жырындағы ұлттық болмыс, ерлік істер
Сабақтың мақсаты: « Ер Тарғын» жырының тәрбиелік мәні жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, шығармашылығын қалыптастыру, жырдың көркемдік ерекшелігін таныту. Жыр арқылы жастарды ерлік іске, отанды сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелеу. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі - өнеге ету. Тілдің құдіретін сезіндіру, адамның бойындағы қасиеттерін және іс - әрекеттерін көркем қабылдауға үйрету.
Сабақтың міндеті: а) білімділік – оқушыларға «Ер Тарғын» жырындағы ерлік істер, ұлттық болмыс туралы мағлұмат беру.
Ә) дамытушылық – өзіндік ой - пікірі бар, тіл мәдениеті, сөздік қоры бай дара тұлға даярлау.
Б) тәрбиелік – жыр кейіпкерлері арқылы патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін оқушыларға үлгі - өнеге ету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, семантикалық карта, «Алтын қақпа» ойынының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ер Тарғын» жырының мазмұнын айту және композициялық құрылысына талдау. (Семантикалық карта арқылы сұрау)
Оқушылар, алдымен композицияның не екенін есімізге түсіріп өтсек. Композиция – сюжеттік дамудың кезең - кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын тәсіл. Композициялық шеберлік – шығармалардағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға бағындыру. Композицияны төмендегіше қарастыруға болады.
1. Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы); 2. Шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы; 3. Уақиғаның шарықтау шегі; 4. Уақиғаның аяқталуы (шешімі).
1. Шығарманың басталуы: Тарғынның қырғыз халқынан кісі өлтіріп, Қырық сан Қырымға қашып кетуі.
2. Шығарманың дамуы: Олалай, Бұлалайды жеңіп, Ақша ханның қызы Ақжүністі алып қашуы.
3. Шығарманың шиеленісуі: Ер Тарғынның он сан ноғайға барып, Шаған жерін алып беруі.
4. Шығарманың шарықтау шегі: Тарғын белін шығарып, Ақжүніс, Тарлан аты үшеуі жұртта қалуы.
5. Шығарманың аяқталуы: Тарғынның Үш Қара ноғайдың халқымен достасып, Үш Тарғын тауын жайлауы.

2. Семантикалық карта.

3. Жаңа сабақ
Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ер Тарғын» жырындағы ұлттық болмыс, ерлік істер. Ұлттық болмысқа алдыңғы сабақтарымызда өткен халық ауыз әдебиетінің бір түрі – тұрмыс - салт жырлары, әдет ғұрыптарын жатқызамыз. Ал, енді осы жырда ұлттық болмыс қай тұстарда кездеседі, соны байқайық. Ер Тарғынның Ақжүніс пен Тарлан атына арнаған толғауын, Ақша хан мен Ханзалда ханның Ер Тарғынды сыйлап, құрмет көрсетуі, Ақша ханның қызы Ақжүністі айттыруын жатқызуға болады. Ал, ерлік істеріне Ер Тарғынның Олалай, Бұлалай деген хандарды жеңуі, Ханзада ханның еліне қалмақтың Шаған суын алып беруі, Шаған суы үшін қалмақтармен екінші мәрте шайқасуын жатқызамыз. Тарғын жауға қарсы аттанғанда мал, олжа үшін емес,
Еділдің арғы жағына
Аттанбадым олжа үшін,
Аттанғаным кәпірге
Ата - бабам ежелден
Ескі кегі бар үшін,...- деп тарғын кетпес кекке айналған сол жерді қайырып алу үшін аттанғанын айтады. Халық жыры Тарғын секілді халқын сүйген батырлар қандай жауға болса да төтеп беріп, ел - жұртын қорғай алады деген қорытынды жасайды.

4.«Алтын қақпа» ойыны.
1 - кезең: «Тас қақпа»
2 - кезең: «Күміс қақпа»
3 - кезең: «Алтын қақпа»
Оқушыларды үш қатраға бөліп, ұяшықта жасырылған сұрақтарды таңдау (ұяшықты топ басшысы таңдайды)
1. «Тас қақпаға» арналған сұрақтар
1. Ер Тарғынның мінген тұлпары? (Тарлан)
2. Қазіргі күнде «Ер Тарғын» жырының неше нұсқасы бар? (оннан астам)
3. «Ер Тарғын» жырының кейіпкерлерін атаңыз?
2. «Күміс қақпаға» арналған сұрақтар
1. Қартқожақ батыр өзін қалай таныстырады?
2. «Алты құлаш ала атпен, үсті толған болатпен... бұл да айтулы ер еді»деп жырда кімді бейнелеген? (Домбауыл)
3. Етектейін еріннің,
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір елісі қалыпты,- деп жырда нені сыйпаттаған? (Тарлан)
3. «Алтын қақпаға» арналған сұрақтар
1. Бір уақыт болғанда,
Бұл Тарлан пысқырды.
Пысқырғанмен қоймады
Және жерді тебінді,
Хайуан бүйтіп не білді?
2. Ханзада хан Ер Тарғынды неше рет және қалайша алдады?
3. Ханзада ханның халқына Сыпыра жыраудың айтқан ақылы?
2. Әр қатардың оқушылары ерлік, Отан, туған жер тақырыбында мақал - мәтел айтып жарысады.
3. «Батыр туса – ел ырысы» ой толғау жазу.

5. Бекіту.
Сұрақ қою арқылы сабағымызды бекітеміз. Күннің бетін бұлттар жауып тұрады. Әр бұлттың артында жазылған сұраққа жауап беру арқылы күннің ішінде жазылған:
«Ерлігің мол сыр болып,
Ел аузында жыр болып,
Жаулар үшін мұң болып,
Жаса, Тарғын, күн болып!» - деген сөздерді ашу керек.
Сұрақтар:
1.«Аттанбадым олжа үшін,
Сыңсып жатқан мал үшін...
Аттанғаным кәпірге
Атамның ежелгі кегі бар үшін»... Бұл кімнің сөзі? (Тарғын)
2. Ақша хан деген кім? (Ақжүністің әкесі)
3. Жырдағы Тарғынның мақсаты? (Атамекен қонысынан, жер - суынан айырылған жұрттың намысы үшін атқа қонған Тарғын ежелгі ата - бабасының кегін алуды мақсат етеді)
4. Қартқожаққа кезегін берген батырдың әрекетіне қалай қарайсыз? (үлкенді сыйлау, адамгершілік)
5. Ханның алдауына бірнеше рет түскен батырдың әрекетіне баға беріңіз? (аңғалдығын, адалдығын білдіреді)
6. Үйге тапсырма.
Ер Тарғынның портретін жасау және кейіпкерлерге сипаттама жазу
7. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама