Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Фигуралардың қиылысуы
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың қиылысуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралармен қатар кесінді, түзу және қисық сызықтарды көрсете отырып, «қиылысатын» және «қиылыспайтын» фигуралар туралы түсінікпен таныстыру.
Сабақта түрлі әдіс - тәсіл пайдалану барысында оқушыларды математика сабағына деген қызығушылығын арттыру, құпия сандарды табу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін даыту. Шапшаң жұмыс істеуге бейімдеу. Математикалық тілде сөйлеу арқылы, оқушыларды математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, ойын әдісі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылардың назарын сабаққа аудару
- оқу құралдарын даярлату

Психологиялық көңіл - күй:
Балалардың бәрі көздерін жұмып, мен айтқан сөйлемнің соңын хормен қайталау керексіздер:
- Сабақта біздің көздеріміз мұқият қарайды және барлығын... (көреді)
- Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және барлығын...(естиді)
- Миымыз өте жақсы....(ойлайды)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 4.
10 + 80 = 90
90 – 80 = 10
20 + 70 = 90
90 – 60 = 30

30 + 60 = 90
90 – 60 = 30
40 + 50 = 90
90 – 40 = 50

ІІІ. Өткенге шолу
Тірек білімдерін жетілдіру
Балаларға таныс геометриялық фигураларды қайталау.
Ауызша есептеуге «Не өзгереді?» ойынын өткізу.
Тақтада геометриялық фигуралармен қатар кесінді, сәуле, қисық сызық шашырап орналасқан. Фигуралардың түрлерін анықтау, әр түрінен неше фигуралар қойылғанын сұрау. Дұрыс айтқандарды мадақтау.

Мұғалімі: Қайролла М. М.
Фигуралардың қиылысуы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама