Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары
«Құлыншақ» ортаңғы тобының -------------- оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Дене шынықтыру
1. Сапта бір - бірлеп жүру және жүгіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) тепе - теңдікті сақтап жүру.
2. Сапта бір - бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен кезектестіру. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) жүру. Допты тура бағытта домалату.
Сөйлеуді дамыту
«Қуаныш пен сүйіспеншілік үйі»
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға, топтағы заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін зат есімдерді қолдануға үйрету. Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.
Көркем әдебиет
«Біздің балабақшада!»
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. ҚМҰҚ
«Біздің аула»
Заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, ойыншықтарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау; екі топтағы заттарды бір - бірімен салыстыру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру; шеңбер туралы өткенді пысықтау.
Сурет салу
«Менің тобымдағы заттар» Қарындаштармен дәстүрлі тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Топ бөлмесіндегі дөңгелек пішінді табу арқылы заттарды салу.
Аппликация
«Достарыма арналған үй»
Қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.
Қоршаған ортамен танысу.
«Балабақша - біздің екінші үйіміз.»
Балабақшаның отбасына ұқсайтынын көрсету, балабақша қызметкерлерінің мамандықтары туралы білім беру (медбике, аспаз): ересектердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама