Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі
Жанұзақова Сауле Айғалиқызы

Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру - білім алушылардың құзіреттілігін көтерудің шарты.
Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай оқушыларға терең білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үрдіс.
Қоғамның педагогикалық білімді мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан - жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемелекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті.

Білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан - жақты жетілдіру мәселесі бүгінде мемлекет тарапынан қолға алынып, болашақта атқарылатын істер жоспарына енгізіліп, күн тәртібіне қойылып отыр.

Оқушының өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және кәсіби құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтарды да кездестіреміз. Оқыту үрдісінде оқушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын саралап, педагогикалық үрдісте оқушылардың белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, теория мен педагогикалық практика нәтижелерін байланыстыру жүйелі жүзеге асырылса, онда оқушылардың кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.

Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін - өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Мектеп білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі оқушылардың кәсіби құзыреттлігінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі оқушылардың кәсіби құзыреттлігінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде тұрған мақсат - әлемдік білім кеңестігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда адамның құзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама