Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Теңіз әлеміне саяхат
ШҚО, Бородулиха ауданы,
"Коростели ОМ" КММ бастауыш сынып мұғалімі
Молдабекова Г.С.

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Теңіз әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
1) Саяхаттау барысында теңізде өмір сүретін жануарлар туралы қысқаша мағлұмат алу;
2) Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру;
3) Оларды табиғатты аялауға, қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, викторина
Сабақтың көрнекілігі: теңіз жануарларының суреттері, ойын элементтері, сөзжұмбақ, ребус.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру әдісі
- Міне, сынып тып - тыныш,
Естілмейді түк дыбыс.
Мұны бізде қостаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Дүниетану жайында,
Саяхатты бастаймыз!

ІІ. Өткенді еске түсіру.
- Өткенді еске түсіру үшін сендер қазір тест тапсырмасын орындайсыңдар. Тест тапсырмасы 2 нұсқадан тұрады. Әр нұсқада 10 сұрақ болады.

1 - нұсқа
1. Адамның денесіне нелер жатады?
а) бас, мойын, кеуде, қол және аяқ
ә) ми, өкпе, мойын, кеуде
б) жүрек, бауыр, бүйрек

2. Адам денесінде қанша сүйек бар?
а) 200 - ге жуық
ә) 100 - ге жуық
б) болмайды мүлдем

3. Ас қорыту мүшелері дегеніміз не?
а) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек жатады
ә) мұрын, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе
б) бас, мойын, құлақ

4. Құлақ адамға....... қажет.
а) кітап оқуға
ә) әңгіме тыңдауға
б) тепе - теңдік қалыпты сақтауға

5. Жауын - шашын түріне нелер жатады?
а) бұлт
ә) бұршақ
б) тұман

6. Судың үш түрлі күйі:
а) мөлдір, сұйық, түссіз
ә) сұйық, қатты, газ
б) ерігіш, қатты, жылы

7. Тығыз тау жыныстары:
а) алтын, мұнай
ә) гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір
б) топырақ

8. Сирек және құрып кету қаупі бар жануарлар:
а) тіл жөніндегі заңға
ә) оқулықта
б) қызыл кітапқа енген

9. Балықтар немен тыныстайды?
а) өкпесімен
ә) желбезегімен
б) қанатымен

10. Тұсаукесер дегеніміз не?
а) салт - дәстүр
ә) ертегі
б) ойын

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, біздің сабағымыз бүгін ерекше өтпек. Оны білмес бұрын, теңіз туралы не білетіндеріңді ортаға салыңдар. Теңізде қандай жануарлар мекен етеді? (кит, акула, дельфин, теңіз жұлдызы, сегізаяқ, теңіз тасбақасы, атбалық, медуза т. б.)
- Осы теңіз тұрғындарын жолымызда кезіктіруіміз мүмкін. Олар бізге әртүрлі тапсырмалар береді. Біз осы тапсырманы дұрыс орындасақ, «Қазына жасырынған аралға» сәл де болса жақындай түсеміз.
- Ендеше, балалар, саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Теңізге саяхатқа шығу үшін бізге не керек? (кеме)
- Кеменің құрылысын еске түсірейік. (кеме штурвалы, зәкір, желкен)
- Жақсы, балалар, ал ендеше кемемізге мініп, саяхатқа аттанайық.
1 - кезең. Дельфин тапсырмасы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама