Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Физикадан тақырыптық бақылау 7 сынып
Физикадан тақырыптық бақылау 7 - сынып
Тест №1
«Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар»
1 - нұсқа

I. Міндетті бөлім
1. Төмендегі келтірілген сөздердің қайсысы физикалық денені білдіреді
а) самолет
б) дыбыс
в) килограмм
г) күш
2. Халықаралық жүйеде ұзындық өлшемінің бірлігі болып қандай бірлік есептеледі
а) миллиметр
б) метр
в) сантиметр
г) километр
3. 1 грамда қанша миллиграмм бар
а) 10 б) 100 в) 1000 г) 0, 001
4. Кез келген заттың молекулалары өз ара қалай әсерлеседі
а) тек тебіледі
б) тек тартылады
в) тартылады және тебіледі, өте кішкентай ара қашықтықта тебілу күші тартылу күшінен көп
г) тартылмайды
5. Егер зат көлемін сақтап, пішінін оңай өзгертсе ол қандай күйде болғаны?
а) қатты
б) сұйық
в) газ тәрізді) сұйық немесе газ тәрізді
6. Жанасқан заттар бір – бірімен араласып кетсе, бұл қандай құбылыс деп аталады?
а) қайнау
б) диффузия
в) еру
г) балқу
7. Диффузия қандай денелерде өтеді?
а) тек газдарда
б) тек сұйықтарда
в) тек қатты денелерде
г) газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде

II. Қосымша бөлім
8. Ыдыстағы судың көлемі жеке су молекулаларының көлемдерінің қосындысына тең деп неге айтуға болмайды? Түсіндір
9. Денені қыздырғанда ұлғаю құбылысын бақылай отырып ғалымдар сұйықтың булануы, иістің таралуы сияқты құбылыстардан қандай қорытынды жасауға болады?
10. Молекула мен атомдарды одан да ұсақ бөлшектерге бөлуге бола ма?

2 - нұсқа
I. Міндетті бөлім

1. Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық денелерді білдіреді?
а) оттегі
б) дыбыс
в) атом
г) су
2. Халықаралық жүйеде масса бірлігі болып қай өлшем бірлік есептеледі?
а) миллиграм
б) грамм
в) килограмм
г) тонна
3. Берілген бес сөздің қайсысы физикалық шаманың бірлігін сипаттайды?
а) ұзындық
б) температура
в) балқу
г) килограмм
4. 1метрде қанша сантиметр бар?
а) 1000
б) 100
в) 10
г) 0, 01
5. Диффузия бірдей температурада қандай денелерде шапшаң өтеді?
а) газдарда
б) сұйықта
в) қатты денелерде
г) бәрінде бірдей
6. Заттың температурасын төмендеткенде молекулалардың ретсіз қозғалысының жылдамдығы өзгере ме?
а) кез - келген күйде температура кемісе жылдамдық артады
б) кез - келген күйде температура кемісе жылдамдық та кемиді
в) өзгермейді
г) тек газдарда өзгереді
7. Зат өзінің көлемін және пішінін сақтаса ол қандай күйде болғаны?
а) сұйық
б) қатты
в) газ тәрізді
г) не сұйық не газ тәрізді

II. Қосымша бөлім
8. Судағы мыс купорасының диффузия құбылысын баяулату үшін суы және мыс купорасы бар ыдысты қандай жерге қою керек? Түсіндір
9. Газды сыққан кезде оның көлемі газ шығып кетпеген жағдайда да азаяды. Бұл немен байланысты?
10. Әр түрлі заттан тұратын аты және қолданылуы бірдей физикалық денелерге мысал келтір?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама