Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Массив (практикалық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың массив тақырыбы бойынша теорияда алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;
2. Тақырып бойынша білімдерін дамыту, операторлар қызметін ажырата білуді, оқушылардың ақпараттық мәдинетін арттыру, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды жүйелілікке, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Ізденіс, проблемалық, зерттеушілік
Көрнекiлiк: Таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар, дербес компьютер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой шақыру - фронтальді тренинг
I деңгей
1. Массивтер деп нені айтамыз, қандай түрлері бар?
2. Паскаль тілінде массивтер қалай сипатталады, олардың құрамы қандай?
3. Массивтердің элементтері мен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
II деңгей
Семантикалық картаны толтырыңыз:
1. Кесте сызықты деп аталады, егер_____ _____ ______ ____
2. _____, _____, ______ күрделі типтер болады.
3. 5 элементтен тұратын А массивін сипатта:____ ____ ____ ____ _____

ІІІ. Сабақтың дайындық кезеңі - сиқырлы сандар
(ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
1 – санына: а1:=‘мектеп’ дегендегі а1 шамасының типі қандай?
2 санына: for k=1 to 4 do y:=sqr(k); циклінің мәні?
3 санына: x=9; if x>2 then z:=x else x:=sqrt(x) есепте.

IV. Сабақтың негізгі кезеңі - практикалық жұмыс
1 - есеп. Нақты элементтерден тұратын сызықты жиым ( а, а,..., а ) берілген. Осы жиымның ең кіші элементін және оның индексін табатын программа жаз.
Program MIN1;
Const n1=20;
Type mas=array[1.. n1] of real;
Var a: mas;
m: real;
n, i, k: integer;
Begin
Write(‘элементтер саны n - ді (n≤20) енгізіндер: ’);
Readln(n);
Write(‘1 - элемент=’); readln(a[1]);
M:=a[1]; i:=1;
For k:=2 to n do
Begin
Write(k, ’ - элемент=‘);
Readln(a[k]);
If a[k]
Begin
M:=a[k];
i:=k;
End
End;
Writeln(‘min=‘, m: 6: 3, ’nomeri=‘i);
End.

Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырма)
А деңгей. Нақты элементтерден тұратын сызықты жиым (а, а,..., а ) берілген. Осы жиымның ең үлкен элементін және оның индексін табатын программа жаз.
В деңгей. 13 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құрыңдар.
С деңгей. Х жиымы элементтері ретінде бес бүтін сан енгізу керек. Сол сандарды экранның бір жолына үтір арқылы бөліп отырып жазып шығыңдар; жиым элементтерінің арифметикалық ортасын табыңдар.

V. Үйге тапсырма. Есеп: Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан.
VІ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама