Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Г дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Оқушыларға Гг дыбысы мен әрпін таныту. Сөз ішіндегі Гг дыбысының ерекшелігін меңгерту. Дыбыстық талдау жасау мен сөйлемдер құрастыруға, сауатты жазуға төселдіру.
• Ақпараттық технология негіздерімен жұмыс істеу арқылы, өзіндік қабілетті ұштау, шығармашылыққа баулу.
• Коммуникативтік қабілеттілік пен рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті, Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер файлы, кеспе әріптер, дидактикалық материалдар
Қолданылған технологиялар: СТО, Ақпараттық, Ойын технологиялары.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту кезеңі
- Қонақтарды қарсы алу.
- Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
- Құрал - жабдықтарын түгендеу.
Балалар, бүгін бізде мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Ол кісілер сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді байқамақшы. Сондықтан, оқушы ережесіне сай отырып, бар білгенімізді, үйренгенімізді ортаға салайық.
- Алдымен, «Шаттық шеңберін» құрып алайық, ортаға шығамыз.
- Олай болса тілек сөздеріңді өлең шумағымен білдірсеңдер (Балалар шеңбер жасайды)

Хормен: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
- Осындай көңіл – күймен сабағымызды ары жалғастырамыз:
- «Ой қозғау» стр: Мұғалімнің сауалдары.
1. Дыбыс деген не?
2. Әріп деген не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыс деген не?
5. Дауыссыз дыбыс деген не?
6. Сөз неден құралады?
7. Сөйлем неден құралады?
8. Біз қандай мәтіндермен таныстық?
9. Мәтін деген не? Оның бөліктерін ата.
• «Инсерт» «Білемін» бағаны: (Оқушылар буын, сөздерді оқиды)
- Орнымызға жайғасайық.
• 3 оқушы тақтаға үйрек, көмір, зығыр сөздерін кеспе әріптен құрайды.
• Оларды буынға бөлу. - Дыбыстық талдау жасау. – Сөйлем құрау.

• Интерактивті тақтаға: 3 оқушы сөйлем жазады:
1. қызыл.
2. көк.
3. Айнала аппақ қар.

А) Үй тапсырмасын сұрау:
- Ә. Табылдиевтің « Кім кінәлі» өлеңінің мазмұнын сұрау. Әдепті балалар мен әдепсіз баланы жазу. «Венн диаграммасына» топтастыру

ІІ. Мағынаны тану кезеңі
Жұмбақ шешу:
Қоссаң екі буынды,
Бірінші менің буыным,
Отын түрі бағалы
Ал екінші буыным
Елдің ұлттық тағамы
Қане, дұрыс қосты кім?
Жауабы: Газ – ет газет

- Газет деген не? - Қандай газеттерді білеміз?
- Ол не үшін қажет? - Журналдан айырмашылығы не?
- Газет сөзінде таныс емес қандай дыбыс естіледі?
- Әрине, Г дыбысы.
- Қай әріпке ұқсайды? - Қандай айырмашылығы бар?
- Баспа және жазба түрімен таныстыру.
- Айтылуына назар аударту.
- – Г дыбысы – дауыссыз дыбыс. Ұяң, шұғыл айтылады, тіл арқылы жасалады. «Түймедағы» гүлін іліп отырып, айту. - Көк үйге енгізу.
- «Түймедағы» гүлін ілгеннен кейін не шыққанын тапқызу. – Оның пайдасы, түрлері құрлысы туралы айту.
- Дыбыстық талдау жасау. 1 буын. Бітеу буын. 2 дауыссыз, 1 дауысты дыбыс бар.
- Г дыбысы сөздің басында, ортасында келеді. Аяғында бұл дыбыс к дыбысына айналып кетеді.
«Оқушының қойын дәптері» стратегиясы:
- Балалар, өздерің Гг дыбысынан келетін қандай сөздер білесіңдер?
- Интерактивті тақтадан бағандағы сөздерді оқу:
Егін егіз кереге шеге шеңгел
Егеу сегіз бетеге неге мезгіл
- Таныс емес сөздер бар ма? - Сөздік жұмысын жүргізу.
- Сөздерге сөйлем құрау.

ІІІ. Сергіту сәті
- Көңілді әуен ырғағында қимылдар жасау.
Қане, қанат жазайық,
Көгершінге ұқсайық.
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызды табайық!
Б) Оқулықпен жұмыс:
- Балалар, сергіту сәтінде қандай құстың аты аталды?
- Қандай құстарды білеміз?
- Олар қандай табиғатқа жатады?
- Ендеше бүгін біз сендермен, Н. Баймұхамедовтың «Ақ көгершін» атты өлеңімен танысамыз.
- Тақырыбы нені меңзейді? Біз не туралы сөз қозғаймыз?
- Көгершін қандай құс?
- Көгершін – дүниежүзіндегі халықтардың бейбітшілік құсы. Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс. Яғни, рәміздері болып табылады.
Ал кейбір ұлттардың өздеріне өте жақын тартатын құстары болады. Мысалы: жапондықтар – тырнаны, үндістер – тауысты, қазақтар – аққу құсын киелі санайды.
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.
- Оқушылар тізбектей оқиды.
- Жатқа білетіндерің бар ма?
- Ендеше, музыка пәнінің мұғалімі Айгүл апайларың әнімен орындап береді, сендер қосылып отырыңдар.

ІҮ. Дәптермен жұмыс
Ү. Ойтолғау
- Сонымен балалар бүгін біз сендермен қандай дыбыс, әріппен таныстық?
- Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Олай болса, қолдарыңдағы ақшыл түсті гүлдің күлтесін тақтаға әкеліп жапсыра қояйық. Кімге ұнамаса ол қара түсін жапсырсын.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Мадақтау.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Нұркен ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама