Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Менің сүйікті тағамым». Септіктер
Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті тағамым». Септіктер.
Сынып:» 5 сынып (презентациясымен)
Мақсат: Жеке, топпен жұмыс жасай отыра, диалогтік әңгімеге қатыса отыра бір - бірінің жұмысын бағалай білуге үйрену; Өзінің сүйікті тағамы туралы мәлімет беруге, септіктерді қолдануға үйрену.
Күтілетін нәтиже:
Оқытудың нәтижесі(табыс критерийлері):
1) Төмен деңгейлі оқушы үшін: Өзінің сүйікті тағамының құрамын айтады, неге сүйікті екенін дәлелдейді, септік жалғауларын қолданады
2) Орта деңгейлі оқушы үшін: Өзінің сүйікті тағамының құрамын атайды, жасалу ретін белгілейді, өз ойын дәлелдейді, диалогке түседі, септік жалғауларын қолданады.
3) Жоғары деңгейлі оқушы үшін: септік жалғауларын қолданады, сүйікті тағамы туралы жоспар бойынша айтады, дәлелдейді, ақпаратты жүйелейді
Түйінді идеялар:
1) Өзінің сүйікті тағамы туралы өз ойларын жеткізу
2) Өз идеяларын ұсыну ( топтық жұмыс барысында)
3) сабақ бойынша рефлексия жаза білу
уақыт
Сабақ кезеңдері
І Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу
В) жылы атмосфера орнату

Педагог қызметі
- Сәлеметсіңдер ме?
- Көңіл - күйлерің қандай?
- Қазір біз шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі сабаққа бір - бірімізге жылы тілек айтайық
( шаттық шеңберін ұйымдастырады, өзі тілек айтуды бастайды)

Оқушы қызметі
Тілек айтады

Ұйымдастыру формасы
Ойын түрінде

Бағалау түрі
Мұғалім бағасы

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1) сүйікті тағамы туралы суреттер жинап алады
2) септіктерді қайталайды ( сұрақтар арқылы)- қазақ тілінде неше септік бар?
- Неше септік үндестік заңына бағынады?
- Қандай септік бағынбайды? Неге?
3) компьютер арқылы тест жұмысын өткізеді

Оқушы қызметі
Суреттер тапсырады, сұрақтарға жауап береді, тест жұмысын орындайды
3 мин
ІІІ. Жаңа сабақ
А) топтық жұмысты ұйымдастыру
В) топ ережесін еске түсіру

Педагог қызметі
- Бүгін біз топта жұмыс жүргіземіз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз Бірінші топ: Шмелева Анастасия, Тарасюк Андрей, Мукашев Юрий, Максютова Дарья Екінші топ: Лупачева Катерина, Спиридонов Дмитрий, Чалова Алина, Шипицина Валерия; Үшінші топ: Оснач Анастасия, Ромашкин Максим, Товкало Дарья, Тоқтарова Диана, Тыш Кристина
- Сонымен біз топқа бөліндік.
- Ал топта жұмыс жасау үшін не керек? Өткен сабақта қандай ережелерді атадық?
- Ережелер не үшін керек?
(ережелерді еске түсіріп талқылайды)

Оқушы қызметі
Суреттерді таңдайды, топқа бөлінеді
Ережелерді еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді

Педагог қызметі
С) үйде жасалған суреттерге талдау жасау
5 мин
Д) Жаңа сөздікпен жұмыс
- Бүгінгі сабақта келесі жаңа сөздермен жұмыс істейміз: тазалау, жуу, кесу, араластыру, қуыру, пісіру, күріш, қасық, (жеке парақта тарату)
Оқушы қызметі
жаңа сөздерді оқиды
5 мин+ 2 мин 31 мин
Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар беру
І топ тапсырмалары: Салат
Білім деңгейі
1 - тапсырма: Сүйікті тағамның құрамын анықтаңдар
Түсіну деңгейі
2 - тапсырма: Сөздерді септе пияз, көкөніс
Қолдану деңгейі
3 - тапсырма: Салаттың жасалу ретін дұрыс жазыңдар: Барлығын араластыру керек, көкөністерді, жұмыртқа мен шұжықты сатып алу керек, көкөністерді жуу керек, барлығын кесу керек, картоп пен жұмыртқаны пісіру керек. ( жеке парақтарда терілген)
ІІ топ тапсырмалары: палау
Білім деңгейі
1 - тапсырма: Палаудың құрамын анықтаңдар
Түсіну деңгейі
2 - тапсырма: Берілген сөз тіркестерді аударыңдар септігін анықтаңдар: Морковь чистят, жарят на масле, мешают ложкой, покупают мое любимое блюдо, на базаре покупают
Қолдану деңгейі
3 - тапсырма: Палаудың дайындығы туралы сұхбат құрастырыңдар

ІІІ топ тапсырмалары: Борщ
Талдау мен синтез деңгейі
1 - тапсырма: Жоспар бойынша коллаж және әңгіме құрастырыңдар
Жоспар:
1) Борщ деген не?
2) Қандай ұлттың ұлттық тағамы?
3) Құрамы қандай?
4) Қалай жасалады? Ретін жазыңдар
5) не себепті жақсы көресің?
( ғаламтор көмегіне жүгіну)
2 - Тапсырма келесі сұраққа өз ойынды жаз, дәлелде
«Саған борщ ұнай ма? Неге?»
Оқушы қызметі
Мәтінді оқиды, «фаст - фуд» сөзінің мағынасын табады, тағамдарды атайды
Сұрақтарға жауап береді, шығармашылық танытады
жағымды, жағымсыз жақтарын ажыратады, өз ойларын жазады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама