Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ғажайып алаң (математикалық интеллектуалды сайыс)
Астана қаласы
№68 орта мектеп
Математика пәнінің мұғалімі: Мирзамуратова Гульшат Омарқызы

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ғажайып алаң» интеллектуалды математикалық сайысына қош келдіңіздер! Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да тылсым әлемімен танысасыздар. Бұл әлемнің қаншалықты қызықты да тартымды екеніне куә боласыздар.

Ғажайып алаң (математикалық интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Математиканың күнделікті өмірде қолдану, қажеттілігін көрсету, алған теориялық білімдерін қолдана білуге, топ болып бірігіп жұмыс жасай білуге, қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, секторлы тақтайша орналастырылған айналдырма, үлестірмелі қағаздар.

Ойынға қатысушылар:
Бірліктер тобы
Ондықтар тобы
Жүздіктер тобы
Көмекшілер: 3 оқушы

Ойын шарты:
3 топ үстелді дөңгелектене отырады;
Үстелде орналасқан секторлы тақтайшаға орналастырылған айналдырманы әр топ кезекпен айналдырады.
Айналдырма бағыттаушысы көк секторға бағытталып тоқтаса, тапсырма жеке беріледі. Сол сектордағы сәйкес есептің жауабын айту керек. Тапсырманы алған топ дұрыс жауабын айта алмаса, басқа топтың дұрыс жауабын айтып, ұпай алуға мүмкіндік болады. Сондықтан жүргізуші есепті толық оқып болған соң, 3 топқа есептің негізгі бөлігі жазылған карточкалар таратылады. Дұрыс жауабын тапса, ұпай тапсырманы алған топқа, кері жағдайда, дұрыс жауап тапқан топқа беріледі.

Айналдырма бағыттаушысы жасыл түске тоқтаса, сұрақ жалпы қойылады. Әр топ есептің жауабын жазбаша береді. Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 3 ұпайдан беріледі.

Айналдырма бағыттаушысы қызғылт сары түске бағытталса, «Сыр сандық" жасырылған зат жұмбақталып айтылады. Жұмбақталған заттың атын әр топ қағазға жазып береді. Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 2 ұпайдан беріледі.

Айналдырма бағыттаушысы қызыл түсті секторға түссе, ойынның ең қызу бөлімі ойналады. Әр топқа дайындалған сұрақтар қойылады. Әр топ 1 минутта қанша сұраққа жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай алады.

Әр бөлімге берілген уақыт және ұпай саны:
Көк түс - 5 минут, 5 ұпай
Жасыл түс – 3 минут 3 ұпай
Қызғылт сары түс – 2 минут 2 ұпай.
Қызыл түс – 1 минут, қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай.

Көк түсті секторға сәйкес тапсырмалар
2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған.
Жауабы: 33 адам және 43 адам

Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады?
Жауабы: 120 тырна

Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
Жауабы: 20

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы осы жолды күніне екі шақырым жүріп, бір шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді?
Жауабы: 9 күнде

Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алады. Сонда бір асық дорбада қалады, бұл қалай болғаны?
Жауабы: дорбаымен бірге алады.

Қорада тауықтар және сиырлар бар: олардың аяқтарымен мүйіздерінің саны -100. Сонда қорада қанша тауық және қанша сиыр болғаны?
Жауабы: 8 тауық 14 сиыр

Жасыл түске сәйкес тапсырмалар:
((4^3 )^2∙а^9)/(5^12∙(5^5 )^3 ); өрнекті дәреже көрсеткіші 3 болатын дәреже түрінде келтіріңдер.
y=ax2 функциясының графигі (2;-8) нүктесінен өтеді а-ның мәнін табыңдар.
Қай сан үлкен 544 немес 2112
3 1/8-(4 5/16+1 1/4); Амалды орындаңдар
Есептеңдер: (1/6-1/3)/(1/3-5/6);
Теңдеулер жүйесін алмасыру тәсілімен шешіңдер
(х+у=9@3х-8у=5);┤

Қызғылт сары түсті секторға сәйкес тапсырмалар:
«Сыр сандық» жасырынған заттарды жұмбақтау.
Бұл заттың пішіні тіктөртұрыш тәрізді. Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. Мектепке жақын тұратын оқушылардың біреуінде де жоқ. Оны сен жай ала алмайсың. Мектебімізде оны тарататын адам бар. Бұл не?
(жол билеті)
Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетінде сан жазылған. Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Оны жоғалтып алуға болмайды. Бұл не?
(киім тапсырғанда берілетін белгіше)
Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі 5 сыныптан бастап қолынан тастамайды. Ол өзі бір ерекше зат, өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөліп тастайды. Бетіндегі белгілерді ауырып, қызуың қатты көтерілгенде мамаң да, дәрігерде қайта-қайта айтып қоймайды. Бұл не? (транспортир)

Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда
Салатын неше түрлі жорғасы бар (домбыра)

Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді. (үтік)

Кітаптан алыстатты,
Әңгіме, әзілге бір табан жақындатты
Үлгілі оқушы үшін қызық емес
Еріншек, жалқауларды бір қуантты (агент)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама