Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
11 - сабақ. Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
12 - сабақ. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы.
Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы.
13 - сабақ. Жер бедерінің басты белгілері
14 - сабақ. Қазақстан жазықтары
15 - сабақ. Аласа таулы өлкелер


Тақырыбы: Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте
Білімділік. Жердің даму кезеңдері, тау жыныстарының жасын анықтау туралы білім беру. Геохронологиялық кестемен таныстыру.
Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы бойынша талдау жасау арқылы картамен жұмыс жасау икемділіктерін арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы
Негізгі ұғымдар: тау жыныстарының жүйесі.
Номенклатура: Солтүстік Тянь - Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Ұлытау, Көкшетау және Мұғалжар таулары, Үстірт, Торғай, Жем үстірті, Зайсан қазаншұңқырлары.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10+1 - 2 мин)
1. Қазақстанның жер бедерінің сипаты қандай?
2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелері

3. Жаңа материалға көшу кезеңі
1. Жер планетасы қашан пайда болды?
2. Жер бетіндегі тіршілік қашан пайда болды?
3. Жердің қазіргі бейнесі қандай процестер мен құбылыстардың жүруі нәтижесінде қалыптасты?

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
1. Жердің ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңдері
2. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасын анықтау.
3. Геохронологиялық кесте

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Қазақстанның геологиялық картасы бойынша Қазақстанның геологиялық құрылысына сипаттама беру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі
1. Жердің қандай даму кезеңдері бар?
2. Геохронологиялық кесте қай жылы Дүниежүзілік конгресте бекітілді?
3. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасын анықтаудың айырмашылықтары
7. Бағалау кезеңі
Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі 11 параграфтың сұрақтарына жауап беру. Геохронолиялық кестені жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама