Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Математика 2 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А бөлім – Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы.
Сабақ тақырыбы: Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме).
нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
жазық фигуралардың модельдерін бөлу және олардан композиция құрастыру.

Сабақтың басы
Сабақ басында: Ширату тапсырмасы:
- Он саусағымызды көрсетейікші!
- Саусақтарымызды осылай бүгейік!
- Енді, керісінше істеңдер!
- Ал енді, тез - тез 5 рет алмастырыңдар.
- Қиын ба екен?
- Бұл саусақтарымыз неге ұқсайды?
- Дұрыс айтасыңдар, шеңберге, сүйір бұрышқа ұқсайды екен.
- Бұлар қандай фигура?
- Ал оқушылар, осы фигураларға ұқсайтын фигуралар сынып ішінде бар ма?
- Ендеше бүгінгі біздің сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсаты: нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызып, жазық фигуралардың модельдерін бөліп олардан композиция құру.

Сабақтың ортасы
(Ж) 1 - тапсырма. «Жол картасы» ойыны. Жедел жәрдемге жол көрсет. Нұсқаулықты мұқият оқы. Сызу құралдарын пайдалан.
1) Нүктелі қағаздың сол жақ бұрышынан көлденең 8см кесінді сыз.
2) Кесіндінің сол жақ жоғарғы жағына кез келген төрт бұрыш сал;
3) Кесіндінің оң жақ тұйықталған жерінен тік, жоғары қарай 10см түзу сызық сыз;
4) Түзу сызықтың сол жағына үш бұрыш сал;
5) Түзу сызықты жалғастыра оң жаққа 5см түзу сызық сыз;
6) Түзу сызықты 5см жоғары жүргіз;
7) Түзу сызықтан солға қарай 15см кесінді сыз;
8) Кесіндінің сол жағына тік бұрышты үшбұрыш сыз.
Жұмыстың дұрыстығын тақтаға қарап тексереміз.
(ҚБ) Бағдаршам әдісі. Өзін - өзі бағалау
Қызыл – орындай алмадым
Сары – аздап қиналдым
Жасыл – орындай алдым

М. П. Русаков атындағы №2 мектеп - интернат
Мұғалімнің аты - жөні: Алдақиярова Айдана Айбатырқызы
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама