Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Қазақ тілі 4 сынып
Тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Мақсаты: Қос сөздің жаңа түрімен таныстыру
Міндеті: Оқушылардың өз бетімен тапсырманы меңгеруіне ықпал жасау, жаттығулар орындату.
Күтілетін нәтижесі: Қос сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыра алады, өз пікірін дәлелдей біледі
Қолданылған модульдер СТОҮ: жаттығуларды сыни тұрғыдан талдау, Оқыту мен ОЖТ: ОБ және көшбасшылық, Диалогтық оқыту.

Кіріспе 5 минут
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
- Әрбір адам?
- Әрбір сабақ?
- Әрбір ісің?
- Әрбір сөзің?
Оқушыларды қиындылар арқылы топқа бөлу. Әр топтан топ басшы сайланып, топтарына ат қояды.

Таныстырылым
Өткен сабақты қорытындылау.
4 - жаттығуды тексеру. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөздерді қойып, көшіріп жазу. (оқу, түсіндіру)
Кестемен жұмыс
Қосарлама қос сөздер
(бір түбірдің екі рет қайталануы арқылы)
түрлі - түрлі, шөре - шөре

Қайталама қос сөздер
(екі түрлі түбірден қосарланып жасалған)
киім - кешек, жауын - шашын
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
(түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылу арқылы)
жап - жасыл, үп - үлкен

Негізгі бөлім
«Қос сөз жаса, тез жаса» ойыны (топтық жұмыс)
Берілген сөздерге күшейткіш буын қосып, қос сөз жасау.
І топ ------------- ІІ топ
терең ------------- таза
суық ------------- алыс
жаңа ------------- оңай
семіз ------------- қалың
әдемі ------------- толық

2 – жаттығуда өлеңді жатқа жазғызу. Қос сөздердің күшейткіш буынын тауып, астын сызғызу.

3 - жаттығу. Оқушыларға санау арқылы тапсырмаларды бөліп беру. Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жазғызу. (жұппен жұмыс)
1. Біздің үйде егіз лақ болды. Екеуінің де жүні жылтыр, әдемі болатын.
2. Көлдің таза, тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды.
3. Сылдырап аққан бұлақтың жағасында жуан жалғыз ағаш өсіп тұр.
4. Күн ашық болғанымен, ызғар бетті қарып барады.
5. Түзу көше бойымен асықпай жүріп келеді.
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама