Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Геометриялық пішіндер
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»
І санатты тәрбиешісі Б. Р. Бисекешова

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы: «Айгөлек» ортаңғы тобы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным»
Бөлімдері: Қарапайым математикалық пішіндер, сурет салу.
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндерді айыра білуге үйрету. (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш).
Әдіс – тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Демонстрациялық материалдар.
Биллингвальды компонент: Үшбұрыш - триугольник, төртбұрыш - квадрат, дөңгелек - круглый.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті.
Сәлем беру үлкенге.
Тәрбиенің мәні ғой?
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ма?
Ал, балалар орнымызға отырайық.

Ұйымдастыру - шылық – ізденіс кезеңі
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде күн қандай болады?
Не жауады?
Не тұрады?
Күн салқын болып жел тұрғанда жапырақтар не істейді?
Жапырақтардың түсі қандай?
Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Мынау үшбұрыш.
Түсі қандай?
Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

Мынау балалар қандай пішін?
Дұрыс айтасыңдар балалар?
Мынау төртбұрыш
Түсі қандай?

Мынау қай пішін түрі?
Дөңгелектің түсі қандай
Дұрыс айтасыңдар балалар?

Балалар геометриялық пішіндерді тағыда қайталап жіберейік?
Кім маған пішіндер туралы тақпақ айтып береді?
Ғажайып сәт:
Балалар аспанға қарайықшы?
Не ұшып келе жатыр?
Балалар құстар бізге не алып келе жатыр?
Ендеше хатты ашып қарайық? хатпен бірге тапсырмалар келіпті сол тапсырмаларды орындаймыз ба?

1 - тапсырма:
Жұмбақ шешу
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін,
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің,

2 - тапсырма:
Не құрастырдың?
(Геометриялық пішіндерден өздерінің қалаған заттарың құрастыру
Балалар екі орталыққа бөлініп оқу іс - әрекетімізді жалғастырамыз?
«Таным» орталығында қиылған пішіндерді құрастыру.
«Шығармашылық» орталығында пішіндерді бояу.
Бәріміз орнымыздан тұрып сергіп алайықшы?

Сергіту сәті:
Бір дегенде тұрайық
Екі, үш, төрт алақанды соғайық
Оңға бұрылып, солға бұрылып
Біз тынығып алайық.
Жарайды, отырайық.
Кері екі орталыққа ауысып оқу іс - әрекетімізді жалғастырайық.

Іс - әрекетті бағалау кезеңі.
Балалар бүгін оқу іс - әрекетімізде қаңдай пішіндермен таңыстық? Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
Балаларды мадақтау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама