Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Глобустың градус торы
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Глобустың градус торы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға глобустың градус торы жайлы мағлұмат беру. Қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу
Оқушылардың таным деңгейін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, глобус, карта, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық
Ана, бала, қала, дала айнала
Шөбі жұпар, суы кәусар сай – сала
Ай менен күн, жұлдыз, аспан табиғат
Бүкіл әлем аманбысың жамағат!

Қызығушылықты ояту
Сынып оқушыларын топқа бөлу
I топ «ЖЕР»
II топ «КҮН»
III топ «АЙ»

Еске түсіру. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма. Жер шар тәрізді дене. Глобус - жердің дәл үлгісі
«Жер» тобының тапсырмасы
Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?
«Күн» тобының тапсырмасы
Жердің шар тәріздес екендігіне қандай дәлелдер бар?
«Ай» тобының тапсырмасы
Глобустан немесе жарты шарлар картасынан материктер мен мұхиттарды тап және ата.

IV. Жаңа сабақ:
Ой қозғау.
Тәжірибе.
1. Глобустың бетіне бормен белгі салыңдар. Білігінен бір айналдырып өтіңдер. Сонда нені көрдіңіздер?
2. Глобус білігінің ұштары бекітілген бетіне шығатын астыңғы және үстіңгі нүктесін сызып байқап көріңдер. Нені байқадың?

Ақпараттандыру:
Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар. Олар солтүстік және оңтүстік полюстер. Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай, орнында қалады. Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор - теңейткіш деген сөз).

Экватор. Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға - солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі. Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллельдер деп аталады (грекше параллель - қатар жүруші деген сөз). Олар батыс - шығыс бағытын көрсетеді. Параллель шеңберінің ұзындығы экватордан полюстерге қарай жүрген сайын қысқара береді. Бұл айтылғандардан басқа, солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар. Олар:

Меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан түскілік деген мағынаны береді. Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді. Меридиан солтүстік - оңтүстік бағытты көрсетеді. Жер шарының кез келген нүктесі арқылы сансыз көп меридиан жүргізуге болады. Солардың бірі халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан ретінде қабылданған. Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді. Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады. Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллельдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атай

Сергіту сәті.
Бекіту
Оқушы қызметі
Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқыту

Сөздікпен жұмыс. Латынша экватор - теңейткіш деген сөз. Грекше параллель - қатар жүруші деген сөз. Латын тілінен аударғанда меридиан – «түскілік» деген мағынаны білдіреді.

Іздендіру
«Жер» тобы
Глобустан полюстерді, экватор, параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.
«Күн» тобы
Меридиан және параллель сызықтарының неше градус сайын жүргізілгенін анықта. «Ай» тобы
Жарты шарлар картасынан полюстерді, экватор, параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.

Блиц турнир.
Жер тобы
1. Жер шарында неше полюс бар?
2. Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналама?
3. Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?

Ай тобы
1. Экватор сөзі қандай мағына береді?
2. Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
3. Жер экваторының ұзындығы қанша километр?
Күн тобы
1. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар не деп аталады?
2. Параллель қандай мағынаны білдіреді?
3. Параллель қандай бағыттарды көрсетеді?

Шығармашылық тапсырма:
Әр топ өз атауларына байланысты ой толғау жазу керек.

Рефлексия
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
Нені үйрендің?
Шағын топта жұмыс істеген ұнай ма?

Бағалау
Үйге тапсырма
1. Глобустың градус торы.
2. Өздерің тұратын жердегі меридианның бағытын анықтау

Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№19 жалпы орта білім беретін мектеп
Баспаева Гүлшат Мақсотқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама