Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің Отаным - Қазақстан
Педагогтың аты - жөні: Мұратхан Г.

Тақырыбы/Тема: Менің Отаным - Қазақстан
«Күншуақ» тобындағы ұйымдастырылыған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы № 4
Технологическая карта организованной учебной деятельности для ____ группы
Білім беру саласы/Образовательные области: Қатынас. Әлеуметтік орта
Бөлімі/Разделы: Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты/Цель: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс, билнгвалдық компоненті/Словарная работа, билингвальный компонент:
Материалдар, құралдар, жабдық/Материалы, инструменты, оборудование: Қазақстанның елбасының суреті, Қ. Р. рәміздері, «Менің Отаным - Қазақстан» Ел ордамыз Астананың көрікті жерлерінің суреттерін қолдану мақал - мәтел.

Мотивациялық – ынталандыру
Мотивационно - побудительный
Бірінші еліміздің әнұранымен басталады.
Шаттық шеңбер.
Ортақ біздің бір Отан,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасты.
Ендеше бүгінгі көңіл күйіміз қандай?
Кәзір жылдың қай мезгілі?
Бір аптада неше күн бар?
Ал, бүгін аптаның нешінші күні?
Қыс айлары қалай аталады?

Іздену - ұйымдастырушылық
Организационно - поисковый Ендеше бүгінгі ашық сабағымызды бастайық.
Тәрбиеші:- Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз!
Ендеше осы Отанымыз Қазақстан туралы тақпақтарды айтып еске түсірейік.
Аялап ару Ананы
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Отаным – Қазақстаным! (Аяри)
Тәрбиеші:
Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.
- Ел ордамыз қалай аталады?
- Рәміздердің аттарын атаңдаршы? Тақпақпен
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Біз көп ұлтты елміз.
Мақал - мәтел:
«Халықтың ортақ үйі - Отаны»

Сергіту сәті:
Балалар ендеше біз.
Астанаға саяхатқа шығамыз.
Музыкамен
Көрікті жерлерді тамашалаймыз. Ақорда, Бәйтерек т. б.
Дидактикалық ойын:
«Бәйтерек» құрастыру

Рефлексиввті - түзетушілік
Рефлексивно - корригирующий
Қортындылау:
Астанаға саяхатқа барғандарын ұнады ма?
Сұрақ - жауап алу.
Мадақтау балаларды.
Көтудың желбірегені ән айту.

Оқу іс - әрекеттен күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: Еліміздің рәміздері.
Болу керек/Иметь: Астана қаласының көрікті жерлерін.
Істей алу керек/Уметь: Бәйтеректі құрастырады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама