Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
31 - сабақ. І. Жансүгіров (1894 - 1938)
22 - сабақ. І. Жансүгіров «Жетісу суреттері»
33 - сабақ. І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
34 - сабақ. М. Жұмабаев «Сүйемін»
35 - сабақ. М. Жұмабаев «Толқын»

Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров
(1894 - 1938)
Сабақтың мақсаты:
а) І. Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;
ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту;
б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген С. Сейфуллиннің «Қамаудан» өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
2. Тұтқын бостандықты неге теңейді?
3. Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І. Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын, көзі ашық, көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме, аңыз ертегі, жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді. Біраз уақыт Қарағаш деген жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.

«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі мен қызметіне шолу жасау.
І. Жансүгіров

1894
1905 - 1911
1912
1938
1915
1934 - 1936
1925 - 1928
1920 - 1921

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І. Жансүгіровтың өмірбаянын оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама