Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
26 - сабақ. Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»
27 - сабақ. Сәкен Сейфуллин (1894 - 1938)
28 - сабақ. Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
29 - сабақ. Шығарма
30 - сабақ. С. Сейфуллин «Қамаудан»

Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбылдың шығармашылығынан мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, портреті т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Жамбыл кімдермен айтысқан?
2. Есімін неге Жамбыл деп қойған?
3. Қандай атақты ақынды жеңді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі..
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Шығармашылық жұмыс: Тұрмыс - салт жырының түрлерін соның ішінде жоқтау туралы айтады.

Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Өлеңнің І - ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?
2. ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж. Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін жаттап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама