Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ж дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі
Бөлім: Саяхат
Бөлімше: Табиғатқа саяхат

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты: 1. 2. 9. 1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1. 2. 1. 2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1. 2. 5. 1. мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру. (МК)
1. 1. 9. 3. Сөздің буынан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
1. 2. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен қарама – қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
1. 3. 11. 1. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Сабақтың мақсаттары: 1. Дыбыстарды ажыратып, сөздерді буындап оқиды және дыбыстық талдау жасайды.
2. Оқу түрлерін қолданады, дыбыстардан буын сөз, сөйлем құрайды. мәтін бойынша сұрақ қоя біледі.
3. Сөздерді, сөйлемді толық оқиды. Мағынасы қарама - қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді ажыратады жазады тиісті тыныс белгісін қояды.
Бағалау критерийлері (МК; Ж; Ө; Қ;) Дыбыстарды ажыратады, сөздерді буындайды, дыбыстық талдау жасайды, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрайды.
Ж дыбысынан естілетін сөздерді табады. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Буындардан сөз құрайды. Дыбыстардың дауысты дауыссыз екенін айтады. Мағынасы қарама - қарсы, мәндес көп мағыналы сөздерді ажыратады. Жазады тиісті тыныс белгісін қояды.
Сөздік қор: Жаға, жайлау, жауын, жылтыр, жарыс, жасау, жалау, жуа, жайма, жақсы, жаман.

Басы Психологиялық ахуал.
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады.
Күліп өмір сүрейік

Топқа бөлу
Үстелдің үстіндегі қима қағаздардың біреуін алу арқылы үш топқа бөлінеді.
«Бәйге», «Көкпар», «Аламан».
«Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы өткенді қайталау:
1. Әріп деген не? Дыбыс деген не?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
3. Сөйлем деген не? Сөйлемнің неше түрі бар?
4. Мағынасы қарама - қарсы сөздерге мысал айтыңдар.
5. Құрамында «Ә» дыбысы бар 3 сөз айтыңдар.
6. Сөздер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

Сабақтың ортасы
Білу 5 минут
«Ой қозғау»
- Балалар, бір аптада неше күн бар?
- 7 күн бар.
- Жеті қандай сан?
- Тақ сан.
- Көршілерін кім атай алады?
- 6 мен 8
- Өте жақсы! Жеті дегенде басында қандай дыбыс естіледі?
- Ж дыбысы
- Жарайсыңдар! Жеті сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
Жеті, семь, seven
№1.
Оқылым: (МК; Ж; Қ)
( шапалақтау) Қ. Б
Оқулықпен жұмыс. Бағандағы сөздерді жеке оқушыларға оқытамын, талдатамын. Бағандағы сөздер ішіне мағынасы қарама - қарсы сөздерді таптыру.

- Мынау ненің суреті?
- Ат жарысы.
- Иә, жарыс. Жарайсыңдар!
- Атпен ойналатын тағы қандай ойындарды білесіңдер?
- Жарыс сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
- Ж дыбысы.
- Ол қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Қайдан білдіңдер?
Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
жылқы, лошадь, һorse
№2
Оқылым. (МК; Ж)
Қ. Б. (Екі жұлдыз бір тілек)
Мұғалімнің оқуы, тізбектеп оқу.
Мазмұнын пысықтауы:
1. Жайлауда не өтті?
2. Жанаттың аты қандай?
3. Жарастың жорғасы қандай?
4. «Кім жарыс мәресіне тез жетеді?» «Кім жеңеді»
Ж дыбысын ж әрпі арқылы таңбалап жазамыз. Баспа және жазбаша түрлерімен таныстыру. Ауада және тақтаға жазып көрсету.
Жазылым. Дәптермен жұмыс.

Жол аралық кеңістікті сақтау әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Қ. Б жазған оқушыға графикалық әдіс қолданамын.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ
Мұғалімнің аты – жөні: Акоразова Бактыгул

Ж дыбысы мен әрпі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама