Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің отбасым
Дүниетану 1 сынып
Бөлімше: Мен және қоғам
Мен және менің отбасым
Тақырыбы: Менің отбасым
Оқу мақсаты: 1. 1. 1. 1. Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсінісу және мәнін түсіндіру.
1. 1. 1. 2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.
Сабақ мақсаты: 1. Өз отбасы, отбасы мүшелері туралы әңгімелейді.
2. Отбасындағы адамдардың өзара қарым - қатынасын бағалайды.
3. Отбасылық дәстүрлердің маңызын түсінеді.
Бағалау критерийі: 1. Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды.
2. «Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды.
3. Отбасылық дәстүр түрлерін біледі.
Тілдік мақсаты: Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрайды. Мысалы: отбасы, шежіре, отбасылық дәстүр.
Диалогтық оқыту, ашық сұрақтар.
1. Отбасы деген не?
2. Қандай туыстық атауларды білесің?
3. Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің?
4. Отбасында қандай мерекелер атап өтіледі?
Құндылықтарды дарыту • Ата - анасын құрметтеу, отбасын сыйлау.
• Дәстүр, әулет шежіресін үйрену.
• Халықаралық отбасы күні туралы білу.
• Өзара сыйластық, ынтымақтастық, туыстық құндылықтар қалыптасады.
Пәнаралық байланыс 1. Көркем еңбек. Жұмыс дәптеріндегі 18 - жұмыс парағын орындатуда оқушылардан үйден әкелінген фотосуреттерді желімдету.
2. Музыка. Оқулықтағы 31 - беттегі дәстүрлер бойынша наурызға байланысты ән тыңдалады.
3. Сауат ашу: «Шеңбердегі доп» атты сергіту ойнатуда сөйлемдер құрастырады.

Сабақтың басы (4 мин)
1.(Ұ) Мотивациялық кезең.
1) Суреттер арқылы топқа бөлу.
2) Суреттер қандай ортақ тақырыппен байланысты?
3) Ширату тапсырмасы.
Отбасы – ол ата - ана
Отбасы – ол балалар.
Отбасы – ол туыстар
Отбасы – үлкен шаңырақ.
ҚБ: «Шапалақ» әдісі

Сабақтың ортасы (4 мин)
2. (ТЖ). Оқулықпен жұмыс
Кел, талқылайық!
1 - топ: 30 - беттегі сурет бойынша әңгімелеу. Ашық сұрақтар:
1). Суретте кімдер бейнеленген?
2). Отбасыңның үлкені кім?
Саралау:
3). Бұл адамдарды не біріктіреді?
4). Өз отбасың туралы әңгімеле.
5). Оған отбасы мүшелері қалай қарайды?

2 - топ: 31 - беттегі сурет бойынша әңгімелеу.

• Қандай дәстүрлер бар?
• Ол туралы не білесің?
• Мереке күндерді білесің бе?
• Отбасыңда қандай мерекелер атап өтіледі?
Саралау:
• Отбасыңда Наурыз мерекесі қалай өткізіледі?
• Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден қандай ерекшелігі бар?

3 - топ: 31 - беттегі 2 - сурет бойынша әңгімелеу.
1). «Тұсау кесу» рәсімі туралы не білесің?
2). Әңгімелеп көр.

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Аты - жөні: Акоразова Бактыгул

Менің отбасым. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама