Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы
Қазақ әдебиеті 11 сынып
Тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы
Мақсаты «Мен - қазақпын» поэмасының мазмұнын түсіну, поэманы бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау
Міндеттері:
- Поэманың негізгі идеясын ашу.
- Поэма желісіндегі тұлғаларға тоқталу.
- Поэмадағы астарлы ойды топтық, жұптық жұмыстар арқылы көрсету.
- Өз бетінше тақырыпты ашуға ықпал ету.
Жетістік критерийлері а) Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі;
ә) тақырыпты аша алады;
б) білімдерін, бір - бірінің жауаптарын толықтырады. а) топпен бірлесе отырып өздерінің тың идеяларын ұсына алады;
ә) жеке тапсырмаларда белсенділік көрсетеді;
б) көшбасшылық танытады. а) Оқушылар поэмамен;
ә) өзіндік пікір білдіру және білімді өз беттерімен реттеу сынды іскерліктері байқалады;
б) ұжымда өз ойларын еркін және терең жеткізе біледі.
Негізгі идеялар: Поэманы өмірмен байланыстыру
Бағалау: Бағалау кестесі беріледі алдын ала сонымен топ басшылары балдарын айтады

Ұйымдастыру
/2 мин/ Оқушыларды түгендейді, сабаққа дайындығын қадағалайды, бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді
Үнтаспадан үзінді тыңдалады
Күннің шуағындағы «Мен кіммін?» сұрағына жауап беру арқылы күннің әр сәулесіндегі патриоттық сөздермен топқа бөлінеді (І топ – Көкбайрақты туым бар, дархан көңіл елім бар, байлығы бар жерім бар, жазиралы далам бар, биік белес тауым бар, әсем, көркем табиғатым тағы бар, сарқылмайтын өзен - көлім ол да бар - мен - қазақпын, ІІ топ – шешен сөйлер тілім бар, мұсылмандық дінім бар, ізгі дәстүр салтым бар, көпұлтты менің ұлтым бар, кеудемде намыс отым бар, еліме арналған үндеу бар, құндылығым және бар, рухани біз жаңғырып, болашаққа сенетін – мен - қазақпын, ІІІ топ – қаhарлы менің қыраным бар, бәйгеге қосар тұлпарым бар, қалықтап ұшар сұңқарым бар, ел қорғаған батырым бар, жыр арнайтын ақыным бар, ақылгөй дана ұлылар бар, қарттарым асыл қазынам бар, ел басқарған Елбасым бар – мен - қазақпын)
Мұғалім сөзі: Міне, күн шуағындағы мен кіммін сұрағына жауап алдық. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?
Оқушылар: «Мен - қазақпын»
Мұғалім сөзі: Ал ендеше сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? Қалай ойлайсыздар?
(Оқушылар өз ойларын айтады, сосын мұғалім сабақтың мақсатын айқындайды.)

Білу және түсіну
«Пицца» әдісі бойынша поэманың авторы ақын Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар дайындап, оған әр топ жауап береді.

1 - топ, 2 - топ, 3 - топ.
Бейнероликтен Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді тыңдайды

Қалай ойлайсыңдар бұл поэманың басты тақырыбы не? – Ұлт, халық
Негізгі идеясы қандай? - Халықтың өлмес тарихы, бастан кешкен кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі.
Поэманың жанры қандай?
- Лирика - публицистикалық стилде жазылған поэма.
Олай болса, сіздер бірінші поэманы іштей оқып, сосын коктейль таяқшаларымен жұпта бөлісіп, топта талқылап, «Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз бе? поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды деген сауалдар бойынша постер қорғайсыздар және поэманы оқу барысында өздеріңізге түсініксіз.

Батыс Қазақстан обылысы, Зеленов ауданы, Егіндібұлақ ауылы
Егіндібұлақ ЖОББ «мектеп - балабақша» кешенінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаннатова Әсемнұр Талғатқызы
Үздік ұстаз бәйгесіне
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама