Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Жер – біздің ортақ үйміз
Білім беру саласы: «Таным». «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Экология негіздері
Тақырыбы: Жер – біздің ортақ үйміз.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жердің барлық тіршілік иесінің ортақ үйі екенін ұғындыру, адамның да табиғаттың негізгі бір бөлігі екенін, оның табиғатты қорғаудағы рөлін ұғындыру.
2. Дамытушылық: Табиғат туралы түсініктерін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Табиғатта өзін дұрыс ұстауға, оны қорғау арқылы Жер ғаламшарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ғаламшар.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап мадақтау, қорытындылау.

Мотивациялық қозғаушы
Әр адамның өз үйі бар, әр жануардың өз мекені бар. Әр өсімдіктің өзіне қолайлы өсетін жері бар.
- Бәрінің ортақ үйі қалай аталады?
Тәрбиеші глобусты үстел үстіне қойып, не екенін сұрайды.
- Глобустың пішіні қандай?

Іздену - ұйымдастырушы
- Глобустан қандай түстерді көріп тұрсыңдар? Ол түстер нені белгілейді?
- Біздің жерімізде құрғақ жер көп пе, су көп пе?
- Сендер басқа қандай ғаламшарды білесіңдер?
- Осылардың ішінде ең әдемісі – біз өмір сүретін Жер ғаламшары. Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылығы бар?
- Табиғаттың адам өміріндегі маңызы зор. Тіршілік иелері өмір сүру үшін не қажет?
- Тіршілік үшін қажеттің бәрі Жер бетінде бар.

Жұмбақ шешу.
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
- Ауа не үшін керек?
- Ауа қандай?
Жұмбақ.
Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.
- Су не үшін қажет?

Сергіту сәті.
- Ойланып көрейікші, адам жануарлар, өсімдіктер болмаса, өмір сүре ала ма? Олар адамға ен үшін қажет?
- Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды? Ал табиғатты, Жер бетін қорғау кімнің қолында?
- Ал кейбір адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді?
- Бірақ ондай зиянды қылықтар жасауға рұқсат беріле ме? Адам табиғатты қалай қорғайды?
- Жер бетіндегі ақылды, мықты, білімді – ол Адам. Адам осы білімін, ақылын қайда қолдану керек?
- Жер бетін қорғау үшін ақылды, қайырымды бол керек. Олай болса, табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін еске түсірейік.
- Біз табиғат, Жер туралы көптеген мақалдар білеміз. Соларды есімізге түсірейік. «Пазлдар жинау» тапсырмасын орындау.
4 - 5 баладан бөлінген топтарға табиғатқа байланысты пазлдар беріледі.
Жеке жұмыс жүргізу.
Жер – біздің ортақ үйміз жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама