Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жаңа бағдарламаның 7 кереметі
Коучинг тақырыбы: Жаңа бағдарламаның 7 кереметі
Мақсаты: Әріптестерімді 7 модульдің негізгі ұғымдары мен тәсілдерімен таныстыра отырып, сабақ беру барысында қолдана білу тәжірибесін жинақтату. Тиімді жолдарын ұсыну.
Негізгі идеясы: Әріптестер қызығушылығын оята отырып, шәкірт тәрбиелеуде
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Оқу процесінде Бағдарламаның жеті модулі мәнмәтінінде мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұрады:
 оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
 сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
 оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
 оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану;
 талантты және дарынды балаларды оқыту;
 жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
 оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Дереккөздері: МАН І деңгей. «Тренинг ойындар мен жаттығулар» әдістемелік құрал.

Ұйымдастыру
Амандасу 3 мин
Психологиялық ахуал туғызу. Танысу. «Көршімнің керемет қасиеті»

Топқа бөлу 2 мин
Смайлик шарлар арқылы бөлу. Шар түрлерін таңдағандағы көңіл күй терапиясына тоқталу. Қызыл шар - іс - әрекеттің, физикалық энергияның түсі. Бұл құмарлық пен ержүректік және өмірге деген ынтызарлық түсі. Ол депрессия мен қорқынышты жеңуге көмектеседі. Көз суреті І керемет

Қызғылт сары - жылылықтың, белсенділіктің, тіршілік әрекеттің түсі. Ол оптимистікке және ашықтыққа қабілеттендіреді. Құлақ ІІ керемет

Сары түс - күн мен интуицияға ассоциация, яғни теңеуге болады. Интеллект, зейін, ойлау қабілеттерін ынталандырады. Ол ойдың ашық болуы мен шоғырландыруы үшін қажет. Ауыз ІІІ керемет
Қызғылт - шабыт пен шығармашылықты ынталандырады. Сезгіштік пен абстракті ойлау қабілетін дамытады. Қол ІV керемет

Негізгі бөлім 15 мин
Презентация көру. « Қазақстанның 7 кереметі».
Толғаныс сәті «Бала бойындағы кереметті қалай көруге болады. Ол қандай қасиеттер?» топтық жұмыс.

Бағдарламаның 7 кереметі.
1 - керемет: Жаңа әдіс - жақсы іске бастама. (топтық оқыту, диалогтық оқыту, т. б.)
2 керемет: «Көшбасшы». (Сурет қиындылары арқылы постер қорғау.)
3 - керемет: Бағалау. (Топ жұмысын бағалау)
4 - керемет: «Әр бала - бір әлем» презентация қарау арқылы баланың әлемін тану. (дарынды талантты баламен жұмыс)
5 - керемет: АКТ жұмыстану мүмкіншіліктерін көрсету.
6 - керемет: Жас ерекшелігіне қарай оқыту (топтарға оқушы жастары жазылған қағаз таратылады. Сол кеспе қағаздағы жастағы балаға арналған әндер айтулары керек. 7 жас. 10 жас. 16 жас.)
7 - керемет Сыни ойлау (коуч)
Ойының қорытындысын шығару. Қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін анықтайды. (Смайликпен бағалау)

Ақтөбе облысы, Әйтекеби ауданы
Милы орта мектебі
Математика - физика мұғалімі
Мамбетова Акзира

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама