Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына қайталау, жинақтау сабағы
Тақырыбы Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына қайталау, жинақтау сабағы
Математика 5 - сынып
Мақсаты: Бөлігі бойынша санды таба білуге үйрету, ережені айта білуге дағдыландыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жай бөлшек түрлерін, амалдар қолдану туралы біледі, түсінеді және есеп шығаруда пайдаланады
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және өшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сайыс түрлері, спорттық жаттығулар, СТО, АКТ.
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
Дұрыс және бұрыс бөлшек боп жұпқа бөлемін.
Білім
Қызығушылықтарын ояту Композициялық талдау Тақтадағы өлең жолдарын оқу арқылы сабаққа кіріседі. Үй тапсырмасын тексеру.
«Математикалық жаттығу»
І жаттығу.
1. Алымы бірге тең бөлшектер аликвоттық бөлшек деп аталады.
2. Алымы бөліміне тең бөлшектер - дұрыс бөлшектер.
3. Бөлшекті қосу үшін алымын алымына, бөлімін бөліміне қосамыз.
4. Ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін, бөлімдерінің ЕКОЕ - ін аламыз.
ІІ жаттығу.
1. Аралас сан деп бүтін және бөлшек бөлігі бар санды айтамыз.
2. Жай бөлшектерді көбейту үшін алымын алымына көбейтіп алым етіп, бөлімін бөліміне көбейтіп бөлім етіп жазамыз.
3. Өзара кері сандардың көбейтіндісі нөлге тең.
4. Бөлшекті бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті, бөлгіш бөлшектің кері санына көбейтеміз.
Жаттығу аяқталды жарысымызды бастаймыз.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Милы орта мектебі
Математика – физика мұғалімі
Мамбетова Акзира

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама