Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
(Жүсіпбек Аймауытов)

Бүгінгі білім беру жүйесіндегі негізгі талап - сабақта білім берудің жаңа технологиялық әдістерін қолдана отырып оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу.
Жаңа заман талабына сай білім беру - өзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол, жан – жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев биылғы жылдың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Жолдаудың біздің алдымызға, яғни білім саласы қызметкерлері алдына қойып отырған басты міндеті – еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру. Яғни әркімнің жеке қабілетін ескере отырып, оның білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру, қоғамның әрбір мүшесінің толыққанды білім алу үшін тең дәрежеде жағдай туғызу.

Сондықтан қазіргі жаңа формация ұстазы әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиісті.
Ол үшін өзіміздің шығармашылық әлеуетімізді дамытатын тұжырымдама жасап, көп зерттеп, зерделеп, іздену керекпіз. Яғни біреуден талап ету үшін, біріншіден өзімізге талап қоя білу керекпіз. «Тал бесіктен – жер бесікке дейін» деген біздің ұлттық философиямыздың астарында үлкен мән - мағына, терең ой жатыр. Өзі игерген, өз бойында қалыптасқан қасиеттерді ғана ұстаз шәкіртіне дарыта алады.

Сол себепті педагогикалық шығармашылықты дамытуға бағытталған жаңа мазмұн мен формаларға негізделген, философиясы өзгеше біліктілікті арттырудың тұжырымдамасын жасау әр ұстаздың парызы.
Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл ұстазға қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Осы технологиялардың ішінде жобалау әдісі арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады

Талдау арқылы ұстаз оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жалпы білім деңгейлерін жете білетін болады. Соның нәтижесінде ол «неге?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
• Жоспарлау арқылы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды әлемдік деңгейде оқытудың бағыттарын ақпараттық технологиялар арқылы жоспарлайды.
• Ұйымдастыру арқылы оқытушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, өзіндік көзқарасын дамытуға байланысты түрлі жұмыстарды атқарады.
Бақылау арқылы ақпараттық технологияны пайдалана отырып, білім деңгейлеріне бақылау жасау, оқушының жетістіктеріне талдау жасап, түзету жұмыстарына байланысты мақсат қою.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама