Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны
Сыныптан тыс жұмыс 5 - сынып
«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, қазақ халқының салт - дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Ғасырлар сынынан екшеленіп, ұрпақтан - ұрпаққа ұласып келе жатқан салт - дәстүрлердің озық үлгілерін пайдалану арқылы жеке тұлғаның жан - жақты дамуына септігін тигізу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, қазақ халқының салт - дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сандықша. экранды қолдану, көрсететін белгілер (әр оқушыға)

Жүргізуші: Армысыздар! құрметті қонақтар, қатысушылар, көрермендер.
Қазақ халқы – салт – дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов «Ұлт дәстүрі заңнан биік» деген. Демек, салт – дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрмен, өнегелі әдет – ғұрыппен, үлгілі жөн – жосықпен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Бүгін қазақ халқының тарихын, салт – дәстүрді қадірлей отырып, қаншалықты дәстүрімізді бағалайтынымыз әсіресе қаншалықты білетіндігімізді көретіндей мектепішілік 5 - сынып арасында «Алтын қақпа» ойынын ұйымдастырдық. Ойынымызға қош келдіңіздер!
«Ойынымызды бастамас бұрын дәстүр бойынша әділқазылар алқасын сайлап, таныстырсақ дейміз.

Өту барысы:
Қазір сіздердің алдарыңызға экраннан тапсырмалар өз орнымен рет – ретімен көрсетіліп отырады. Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.
Кім де кім берілген сұрақтың жауабын біліп тұрса, қолындағы белгіні жылдам көтеру керек. Орнымыздан тұрып, сұраққа толық жауап қайтару керек. Сол кезде ғана жауап саналып, ұпай қойылады.
Өздеріңіз білетіндей теледидардан «Алтын қақпа» ойынын көрсететін. Сол кезде алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы турлардан яғни тас қақпадан, күміс қақпадан, алтын қақпадан өтіп, алтын сандықты ашуға тырысады. Егер де алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді.

Ойыншылар, сіздерге сөз берсек дейміз, өздеріңізді қатысып отырған қонақтарға, әділқазылар алқасына таныстырып өтсеңіздер.
Рахмет. Өздеріңізге іске сәт дейміз..

Ұлы Абай атамыздың «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы - жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп болған адам білімді болады»- деген нақыл сөзін ескере отырып, ойынымызды бастайық.

І тур. Тас қақпа
1. «Сүйінші!» хабары қай кезде айтылады және оған қуаныш иесі қандай жауап қайтарады?
2. Шашу - дегеніміз не?
3. Шілдехана қандай той?
4. Баланы қырқынан шығару деген не?
5. Байғазы деген не?
6. Базарлық деп нені айтамыз?
7. Бата деген не?
8. Батаның қандай түрлері бар?
9. Тілдер айлығы мерекесі қай уақытта өтеді?
10. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды

Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты - дей отырып, ойынымызды жалғастырайық барлығымыз тақтаға назар аударайық.

Міне, екінші айналымға келіп жеттік. Сіздердің алдарыңызда көрініп тұрғандай, ұяшықтар берілген. Осы ұяшықтарды таңдап, берілген сұрағына жауап беру керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама