Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы,
№2 Аманқарағай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л. М.

2 - сынып
Тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлігімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
2. оқушылардың ой - қиялын, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын молайту.
3. оқушыларды жануарларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Көрнекілік: икт (сызба, жануарлар, құстар, жәндіктер суреттері)

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу
2. Орман әуенін тыңдау(аңдар, құстар әндері)
- Балалар бұл нелердің дауыстары?
- Табиғат деген не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат

Жанды → адамдар, өсімдіктер, жануарлар
Жансыз → тау - тас өзен, көл, су, аспан, күн

3. жаңа сабақ: Бүгін біз жануарлардың алуан түрлігімен танысамыз
Жануарлар

Жәндіктер
Аңдар
Балықтар
Қосмекенділер
Бауырмен жорғалаушылар

Үлестірмелі қағаз (конвертте)
Тапсырма: жануарлардың тобын көрсетіп жазу (орындап болған соң 1 - 2 бала тақтаға шығып жазады, басқа оқушылар өз жұмыстарын тексереді)

Жануарлар қоректенуі бойынша да бірнеше топқа бөлінеді
Жануарлар

Қорек талғамайтындар
Жыртқыштар
Шөп қоректілер

4. оқулықпен жұмыс.
А). 1 - ші бөлігі оқылады (шөп қоректілер туралы мәлімет алады)
Ә) 2 - ші бөлігі оқылады (жыртқыш жануарлар туралы мәлімет алады)
Б) 3 - ші бөлігі оқылады(талғаусыз қоректілер туралы мәлімет алады)

5. Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»
6. Үлестірмелі қағаз (конвертте)
Тапсырма: жануарларды қоректенуі бойынша топқа бөліп жазу(орындап болған соң 1 - 2 бала тақтаға шығып жазады, басқа оқушылар өз жұмыстарын тексереді)

Ой - қозғау: - Өздеріңді бір жануар ретінде елестетіп көріңдер,
- неліктен осы жануарды таңдадың?

7. Сабақты қорыту: экологиялық ереже құрастыру сурет бойынша
« Табиғатты қорғау парыз,
Қорғау үшін сүю парыз,
Табиғатсыз адамдардың, күні жоқ.
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
дегендей табиғатты аялап, қорғап жүріңдер
8. Үй тапсырмасы: 54 - бет оқу,
1 - топ: жануарлар жайлы 5 - жолды өлең шығару
2 - топ: жұмбақ құрастыру
3 - топ: эссе жазу
Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама