Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі
Коучтің аты - жөні: Узбекбаева Гульзия
Тақырыбы: Көшбасшылық - кәсіби дамудың қуатты көзі

Мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы қатысушылардың қарым - қатынастарын реттеу, топтық жұмыстарда жан - жақты талдаулар жүргізу арқылы көшбасшылық қызметін анықтап, шешім қабылдауға баулу.
Нәтижесі: Оқытудағы көшбасшылықтың маңыздылығын анықталады, көшбасшылықтың түрлерімен танысады, мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттері қалыптасады, кәсіби дамудың қуатты көзі екендігіне көзі жетеді

Сілтемелер: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 65 - 67бет, үлестірмелі материалдар, бейнесюжеттер
Ресурстар: А - 4 парақтары, стикер, интербелсенді тақта, слайд маркер, қалам. смайлик

1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімдерді қиылған сөздерден сөйлем құрастыру арқылы 3 - топқа бөліну
Психологиялық ахуал туғызу
1. Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Менің есімім» тренингін ұйымдастырамын.

2. Ой қозғау.
«Кілттік сөздер» әдісі бойынша «Бұл кімдер?» сұрағы арқылы ой қозғалады.

3. Топтық жұмыс
Мәтін таратылып беріледі,
(тақырыпты ашып түсіндіремін)
Жауаптарды қорыту:
- Үш ұлы адам бойынан осы қасиеттер табыла ма?
Басқа топтың постерін бағалау - түрлі смайликтерден біреуін таңдап, неге осындай смайлмен бағалағандарын түсіндіру қажет.

4. Тренинг
«Жүзіктің қиындықтан шығуға көмектесе ме?»
Сұрақ қойылады: Жүзікті сән үшін тағамыз ба, әлде адам өміріне пайдасы бар ма?

5. «Пікір талас» карта
«Венн» диаграммасы мен жұмыс
Тапсырманы түсіндіремін.
1 - 2 топ Иә, Жоқ
3 - топ Венн диаграммасы

6. Сергіту сәті «Хор»
4 адам бір мезгілде өлеңнің 4 тармағын қатар айтады, бір адам қай өлең екенін анықтайды.
7. Басымдылық пирамидасы» бойынша жұмыс
Тапсырманы топтарға таратып беремін, түсіндіремін.
Топтастыру арқылы тақырыпты тұжырымдау.

8. Психологиялық жағдаят шешу
Үш топқа үш тапсырма беремін, шартын түсіндіремін.

9.«Аяқталмаған сөйлем» әдісі Сөйлемдерді аяқтаңыздар:
І топ. Көшбасшы - ол...
Көшбасшы болу үшін...
ІІ топ. Көшбасшы алдымен,...
Көшбасшы үшін тән қасиет...
ІІІ топ. Көшбасшы болып тумайды, ол қалыптасады, себебі...
Мен көшбасшыға мына жайды ескеруін өтінемін.

10. Бағалау.
«Блоб ағашы» суретін бояйды.

11. Рефлексия
«Тілек ағашы»
Стикерлер арқылы мұғалімдер ойларын білдіреді.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама