Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 17.
Тақырыбы: §18. Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – фотосинтез үдерісінің мәнісін, өсімдік үшін маңызын, органикалық заттардың жиналуы туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымда әсер қалыптастыру;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: құрастырылған
Қолданылатын көрнекіліктер: электронды оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Жапырақтың ішкі құрылысы
Сөйлемдерді аяқта.
1. Жапырақтың сыртын _______________. 2. Өңнің жасушалары ________________. 3. Астың өңінде ___________________. 4. Жанаспалы жасушалар __________________. 5. Жанасқан жерінде ________________. 6. Жанаспалы жасушада _________________ бар. 7. Түнде қант мөлшері ____________________. 8. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөлігіндегі жасушалар ____________________.

Жауабын дұрыс шешкенде бастапқы торкөзден өсімдіктің органикалық зат түзетін мүшесінің аты шығады.

1. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.
2. Ұшы мұрташамен бітетін күрделі жапырақты өсімдік.
3. Бидай, жүгері өсімдіктері жапырақтарының жүйкеленуі қалай аталады?
4. Қандай жағдай жетіспегенде өсімдіктердің жапырақтары өте майда, бозғылт - сұр түсті, түкті, тікенекке айналады?
5. Бөбешік жапырақты өсімдік.
6. Қауырсыны күрделі жапырақты ағаш өсімдігі.
7. Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылған үлескісі.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Көмірқышқыл газы + су (күн сәулесі/жасыл өсімдік) → қант (глюкоза) + оттегі ═ фотосинтез.
Өсімдік жапырағының хлоропластарында күн сәулесінің қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез деп атайды. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843 - 1920).

ІV. Бекіту
Фотосинтез қандай процесс? Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі? Жарықтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?
Үй тапсырмасы. §18 оқып, 29 - суретті жұмыс дәптеріне салып келу.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама