Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жапырақтың ішкі құрылысы
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 16
Тақырыбы: §17. Жапырақтың ішкі құрылысы
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, оның ғылыми дүниетанымын байыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Түрі: Түрлендірілген
Әдісі: анықтау, зерттеу, салыстыру, суреттеу, жинақтау
Қолданылатын көрнекіліктер: жапырақтың суреттері, кеппешөптер, электронды оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Жапырақ
1. Жапырақтың атқаратын қызметі:
а. ____________________________________________________________________________;
ә. ____________________________________________________________________________;

2. Жапырақ тақтасы деп _______________, сағағы деп ________________. Сағағы болмайтын жапырақты __________, екі немесе одан да көп болса ____________.
3. Жапырақтың жеке бөлімдерінің атқаратын қызметін кестеге жаз.

Кестедегі өсімдіктің жай және күрделі жапырақтыларын ажыратып, (+) немесе (-) белгісін қой
Өсімдік аттары ------------------- Жай жапырақты ------------------- Күрделі жапырақты
1. Қуын
2. Итмұрын
3. Жоңышқа
4. Қарбыз
5. Жүрегі
6. Күнбағыс
7. Қызыл мия
8. Қияр
9. Қараған
10. Аткаштан (атбас талшын)

1. Кестеге өзің күнделікті табиғаттан, бақшаңнан көріп жүрген өсімдіктердің күрделі жапырақтары қай түріне жататынын жаз.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жапырақтың ішкі құрылысымен толық танысу үшін жапырақ тақтасынан жұқалап көлденең кесіндісін жасап, микроскоппен қараймыз.

№10 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Жапырақтың ішкі құрылысымен танысу.
Мақсаты: өсімдіктің өсімді немесе генеративті мүшесі – жапырақтың ішкі құрылысын практикалық тұрғыда зерттеу.
Құрал - жабдықтар: кез келген бөлме өсімдігі, өткір ұстара, микроскоп, жабын әйнек пен зат әйнегі, сапты ине, қысқыш (пинцет), су.
Жұмыстың барысы:
1. Кез келген бөлме өсімдігінің (традесканция, қазтамақ (герань), т. б.) жапырағының астыңғы өңінен сылып препарат жасап микроскоппен қарау, жабын ұлпа – өң жасушаларымен (мөлдір) ондағы жанаспалы жасушалардың құрылысы, ерекшелігімен танысу, оқулықтың суретімен салыстыру.
2. Жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесіндіден (дайын микропрепараты болса тіпті жақсы) препарат жасап микроскоппен қарау. Өңнің астындағы жұмсақ бөліміндегі бағаналы, борпылдақ жасушаларды көру, хлорофилл дәндерін қарау.
3. Осы препараттан жасушааралық кеңістік пен жүйкелерін (шоқтар) көру.
Нәтижесі: Жапырақтың ішкі құрылысын жаз:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама