Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жақсы сөз – жарым ырыс
Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз – жарым ырыс.
Сабақтың мақсаты: Бата туралы түсінік беру. Қонақ күтуге үйрету.
Балаларды әдептілікке, мейірілімділікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал - мателдер, ұлағаттық сөздер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Балалар бір - біріне жылы лебіздер айтады.
Бата түсінік. Кіріспе әңгіме. Ертеден келе жатқан тамаша салт - дәстүріміздің бір түрі - бата. Бата беру дәстүрі шығыс халық арасында соның ішінде қазақтарда кең тараған. Әдетте бата беру үлкен қария ақсақалдарының жолы үлкен адамдарының құдайы қонаққа берілген. Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді деген мақал бар. Бүгінгі күнге дейін осындай жақсы дәстүріміз әлі де жалғасын тауып келе жатыр.
Бата түрлері: сәбиге берілетін бата, ұл балаға берілетін бата, қыз балаға берілетін бата, тұсау кесерде айтатын бата, үй иесіне берілетін бата, тойда берілетін бата, әскерге шығарып салу батасы, дастарханға берілетін бата, жас жұбайларға берілетін бата, көшкенде берілетін бата, соғым сойғанда берілетін бата, жарапазан батасы, наурызға берілетін бата, жаңа туған айға берілетін бата.
(Әр бір батаны оқып, мазмұны анықталады)
Көрініс:
"Қонақ күту"
Тәрбиеші: Балалар! қараңдар, бізге қонақтар келе жатыр біз оларға жол берейік әрі амандасайық.
Ұлдар(қолдарын ұсынады)
- Ассалаумағалейкүм - деп атамен амандасады.
- Амансызба апа деп амандасады.
Балалар: Апа, ата төрге шығыңыздар - деп көрпеше төсеп, төрден орын ұсынады.
Апа мен ата: Рахмет қарақтарым өркендерін өссін!
Балаларым сендер өнерлі балалар сияқтысыңдар. Қане өнерлеріңді көрейік.

1 бала: Ата менің әмәнда,
Кішіпейіл бол деген
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.

2 бала: Алдын үлкен кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Жөніменен кішілік,
Әдеп пенен қол берем.

3 бала: Сәлем берсем иіліп
Сәлеміне сүйініп,
Атам жақсы көреді,
Ақ батасын береді.

4 бала: Әдептілік белгісі
Иіліп сәлем бергені.
Ата: О! Бәрекелді! Өнерлі балалар екенсіңдер. Енді сендерге жұмбақ жасырайын.
1. Дәмдә - дәмді тағамдарды жинайды
Қонақтарды көніліне сыйлайды.(Дастархан)
2. Ерінбей еңбек еткен
Онсыз тамақ ішпеген.(Қасық)
3. Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас.(Таба нан)
Ата: Балалар жұмбақтарды жақсы шешеді екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар енді ата мен апаны дастарханға шақырайық. Алдымен қолға су құяйық.
(Бала табақ ұсынады),(Ата табаққа бата береді)

Бата:
Дастарқанға береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандақ берсін,
Дендеріңе саулақ берсін.
(Тамақ желініп болған соң табақ алуға рұқсат сұрайды. Ата бата береді)
Ата: Балаларым сендер өнерлі де, әдепті балалар екенсіңдер. Ата - аналарыңа да көмектесіп жүрген шығарсыңдар.

Сергіту жаттығуына байланысты тақпақ айтылады.
Алып ата күрегін,
Ала қарын күредім.(Қимылмен көрсеті)
Апама мен құдықтан,
Суын әкеп беремін,
Еденді де жуамын,
Шаң тозаңды қуамын.
Ата мен апа: Ой бәрекелді балаларым ата - аналарыңа жақсы көмектеседі екенсіңдер ризамыз. Ал енді без үйімізге қайтайық. Қош сау болыңдар!

"Теректі орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып жетекшісі: Шиликбаева Д. М.
Жақсы сөз – жарым ырыс жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама