Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Орында тұрып ұзындыққа секіру
Жеңіл атлетика сабағына арналған жоспар
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Орында тұрып ұзындыққа секіру.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларың денсаулығын нығайту, қозғалыс іскерлік дағдыларын дамыту.
2. Ерік жігер қасиеттерін қалыптастыру.
3. Оқушыларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Дайындық бөлімі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Рапорт қабылдау, қауіпсіздік ережелерін айтып өту. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Саптағы жаттығулар
2. Жүру оның түрлері:
- қол белде, өкшемен;
- екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен;
- аяқтың сыртқы жағымен;
- аяқтың ішкі жағымен;
3. Жүгіру оның түрлері:
- жеңіл жүгіру;
- оң, сол иық алдыға жүгіру;
- тізені алдыға биік көтеріп жүгіру;
- аяқты артқа сермеп жүгіру;
4. Ж. д. ж
Б. қ аяқ иық кеңдігінде, қол белде
Мойынды оңға - солға айналдырамыз 4 реттен
Б. қ. қол иықта иықты алға - артқа 4реттен айналдыру.
Б. қ. сол қол белде, оң қол жоғарыда,
1 - 2 сол жаққа иілу.
3 - 4 оң жаққа иілу.
Б. қ. қолды екі жаққа соза ұстап 90 гр иілу
1 - 2 қолды артқа қарай керу
3 - 4 солға бұрыла қолды түзете, артқа керу.
Б. қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде
1 - 4 белді оңға қарай айналдыру.
1 - 4 белді солға қарай айналдыру.
Б. қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде
1 - қолды жоғары, артқа иілу
2 - алдыға иіліп қолды аяқ ұшын тигізу.
3 - қолды алдыға соза отыру.
Б. қ. қол белде аяқ иық кеңдігінде
1 - 4 оң аяқпен секіру.
1 - 4 сол аяқпен секіру.
Орында тұрып ұзындыққа секіру. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама