Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жарасымды қарым - қатынас
Тақырып: Жарасымды қарым - қатынас
Құндылық: Дұрыс әрекет, ішкі тыныштық
Қасиеттер: адалдық, мейірімділік, кең пейілділік, парасаттылық

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен» мен «кіші» сыйласымды қарым – қатынасын ұлттық құндылық ретінде таныту.
Міндеттері:
- «үлкен» мен «кіші», «ел ағасы», деген сөздердің мәнін ашу;
- «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатынасымның мәнін ұғындыру;
- өзінен үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, инабатты болуға тәрбиелеу;

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: (2 мин) - Қайырлы таң, оқушылар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрі сондай қуанышты, тамаша күн! Бір – бірлеріңізге қарап, көңілдеріңіз жайдары, ақжарқын екенін байқап тұрсыздар ма?
- Әрине, көңіл күйіміз жақсы.
- Онда сабағымызды үй тапсырмасын тексеруден бастайық!

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Жалынды жастық шақ дегенді қалай түсінесіз?
2. Жастық шақтың маңызы неде?
3. Жастық шақта қандай қызықтар болады?
Рахмет, жауаптарыңызға. Сізге арнап бір аңыз айтып берейін. Мұқият тыңдаңыздар!
«Ерте заманда бір отбасы өмір сүріпті, ол отбасында әрдайым достық, махаббат, түсіністік болған екен. Олар туралы сөздер билеушіге де жеткен екен, ол отағасын шақырып алып, одан: «Сендер ұрыс - керіссіз, бір біріңді ренжітпей қалай өмір сүре аласыңдар?» - деп сұраған екен. Сонда қария қағаз алып оған бір нәрсе жазады. Билеуші қағаздағы жазуды оқып, таң қалады, ал қағазда «түсіністік» деген сөз 100 қайтара жазылыпты.
- Билеуші қандай сөз жазды деп ойлайсыздар?
- Аңызда айтылған отбасы неліктен тату тұрған?
«Түсіністік» сөзін қалай ұғасыңдар?
Ойланайық, пікірлесейік:
- Жарайсыздар! Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қояйын:
1. Жарасымды қарым - қатынас дегенді қалай түсінесіз?
2. Кез келген адаммен қарым - қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек?
3. Адам өміріндегі дұрыс әрекет деген не?
4. Қарым - қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы қандай?
- Рахмет жауаптарыңызға. Оқулықтың «Оқып үйренейік!» айдарында берілген С. Б. Дорженовтың ізімен жазылған мәтінді оқиық.
Мәтін
Дәстүрлі қазақ қоғамында үлкен мен кіші арасындағы сыйласымды қарым – қатынасқа үлкен мән беріледі. Үлкендер мен кішілердің арасындағы қарым – қатынас ересек адамдар мен жастардың арасында ғана емес, оның әр тобының өз ішінде де болады. Қазақтың үлкенді сыйлау дәстүрінде ағаны құрметтеудің жөні ерекше. Халқымызда «ел ағасы» деген ұғым бар. Сондықтан «тон жағасыз, ел ағасыз болмайды» дейді. Ондай ағалардың қатарына елі үшін қандай да болмасын ауыртпалық жүгін нардай арқалай білген, өмірдің қызығынан гөрі қиындығын көрген, еліне, жұртына басшы, ақылшы бола білген адамдарды жатқызады. Халықтың сыйына бөленген ел ағасы табиғатынан адамгершілікті, ақылды, парасатты, көпшіл, ержүрек болған, халқының мүддесі жолында ештеңеден тайынбайтын, қажет болса, өмірін де қиюға әзір жандар. Халқымыз ағаны сыйла, лайықты болса ініні қадір тұт дейді. «Жасы кіші ініні ақылы артса аға тұт» деген нақыл да осыған орай айтылған.
Ақыл – парасаты, ой - өрісі кең инабатты, інілерге ағамын деп басымдылық көрсетпей, шашбауын көтеріп, жол беру де кісіліктің белгісі. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі ұлттық дәстүрде қалыптасқан сыйластық пен жарасымды қарым – қатынас өзегі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама