Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тіл мәртебесін ұлықтайық
Тақырыбы: Тіл мәртебесін ұлықтайық

Мақсаты: Ана тілінің қадір - қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Ұлы ақы - жазушылардың сөзін түсіне білу, алған білімдерін дамыту, мақал - мәтелдерді тиімді пайдалануға, өз Отанын қорғай білуге баулу. Ана тілінің қадір - қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Ұлы ақын - жазушылардың сөзін түсіне білу, алған білімдерін дамыту. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. Еркін сөйлей білуге дағдыландыру. Ой ұшқырлығына шақыру.

Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта
Сабақтың әдісі: іздендіру, сұрақ - жауап
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер! Тіл – қоғамдағы қарым - қатынас құралы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі - дей отырып бүгінгі «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымызды бастаймыз. Енді сайыскерлеріміздің әділ бағасын бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. «Білімді мыңды жығар» (сұрақ - жауап)
3. «Өнерліге өріс кең» (өнерлерін көрсету)
4. «Мақал сөздің мәйегі» (мақал жалғастыру)
5. «Жеті жұрттың тілін біл» (жұмбақ шешімін үш тілде айту)
6. Жаңылтпаштар айту
Әр жүргізген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Ең жоғарғы ұпай саны 5 ұпаймен есептеледі. Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады.
Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік сандарын белгілеп алулары қажет.

Жүргізуші:
Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпіліп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық деп, кезекті сайысқа қатысушы топ - тарға берейік.
1 кезең: «Таныстыру»
1 топ. ———-
2 топ ———
Жүргізуші: 2 кезең: «Білімді мыңды жығар» (сұрақ - жауап)
Бұл кезеңде әр топқа 7 сұрақтан қойылады.
1 топқа:
1. Жылататын да, жұбататын да не? (Тіл)
2. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі қандай тіл? (ресми)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
4. Қазақстан қандай мемлекет? ( тәуелсіз)
5. Өлең жазатын адамды кім дейді? (Ақын)
6. Бес асыл істі ата. (Талап еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
7. Қазақ әліппесінде неше іріп бар? (42)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама