Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жаса, Қазақстан
«Жаса, Қазақстан»
Тәрбие сағаты
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар.
Өтетін орны: Акт залы
Би: 6 сынып оқушылары
I жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары! 5 – 6 - 8 - 9 сынып оқушылары және тарих пәні мұғалімдері ұйымдастырып отырған «Жаса, Қазақстан!» атты тарихи – әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам.
II жүргізуші:
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
Тақпақтар. 5 – 6 сынып оқушылары.
I жүргізуші:
1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. 1992 ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
II жүргізуші:
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 22 жыл толады. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Қазақстан! ( қосылып)
Қазақ: Карина
Қазақпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер күнбе-күн!
(Шашу шашылады)
Орыс: Самал
Армысыздар, туған жерім, Отаным,
Орыс деген ұлтыңыз мен боламын.
Өмір сүріп Қазақстан елінде
Достық пенен бейбітшілік ұраным.
Өзбек: Қамшат
Қош келдіңіз, өнер сүйер халайық,
Жарқын жүзбен сіздерді қарсы алайық.
Құттықтаймын өзбек халқы атынан
Мерекеміз құтты болсын ағайын!
Кәріс: Фариза
Кәріс ұлтым, Қазақстан – отаным
Қазақстан елінде мен тұрамын
Құтты болсын тәуелсіздік күні деп өзіңізге арналады жыр - әнім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама