Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жасөспірімдердің ата - аналарына психологиялық көмек
Нуриманова Лаура Алибековна

Жасөспірімдердің ата - аналарына психологиялық көмек (5 - 6 сыныптарда ата - аналар жиналысы)

Құрметті аналар мен әкелер, қымбатты әжелер мен аталар! Әрбір ата - ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез - құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Психологтардың жасөспірімдік шақты дағдарыс жасы деп атауы кездейсоқтық емес. Және бұл дағдарыс баланың өмірінде үш жаста және 7 жаста болатын алдыңғы жастық дағдарыстардан айтарлықтай дәрежеде ерекшеленеді. Ол дағдарыстармен салыстырғанда жасөспірімдік дағдарыс әлдеқайда күрделі әрі ұзаққа созылатын сипатта болады.

Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата - анасынан осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады.
Біріншіден, дәл осы уақытта есейіп келе жатқан адамның ата - анасымен болашақ қарым - қатынасының сипаты – олар жақын бола ма, сенімге негізделген бола ма, сыйластыққа толы бола ма, осылар айқындалады. Немесе алшақтау болады, эмоционалдық салқындық, алыстау, тұйықтық пайда болады, олар өмір бойы сақталады, және отбасындағы атмосфераны бұзып, болашақта ұрыс - керіс пен жанжалдарға себепші болады.

Екіншіден, дәл осы жасөспірімдік шақ өз «Менінің» күшін қайрап, жеке тұлғаның өзін - өзі бағалауын қалыптастырады, бұл ересек өмірде адамның басты ішкі қорғаушысы болады және оған ең қиын деген жағдайларды абыроймен жеңуге мүмкіндік береді.
Әрбір ата - ананың міндеті – баласында болып жатқан өзгерістерге ден қою, оның ішкі уайымдарына мейірбандықпен қарау. Өзін «Барлығы қиындықпен есейеді, оның қиындығы да өтеді, бәрі өздігінен жөнге келеді!» деген сөздермен алдарқатпау.
Өздігінен ештеңе түзелмейді! Тіпті «проблемасыз балалар» деп аталатын ең момын балалардың өзі ата - ананың мейрімі мен қолдауына мұқтаж.

Бірақ, ата - ана үшін жоғарыда айтылған жайттарға керісінше тым бақылағыш, балаларына өз көмектерінсіз бір қадам жасауға да рұқсат бермейтін, олардың ойлары мен қылықтарын аңдитын, оның ересектерге тән қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескермейтін тиран ата - анаға айналмау да өте маңызды.

Бұндай типтегі ата - аналар «Балам үшін ненің жақсы екендігін тек мен ғана білемін!» деген пікірді басшылықа алады. Бірақ, осындай қысым жағдайында өскен балаға болашақта өзі шешім қабылдау оңайға соқпайды, себебі әрқашан ол үшін шешімді үлкендер қабылдап келген.
Жасөспірімнің ата - анасынан балаға деген асқан қамқорлық және өзінің тәрбиелік міндеттерінде қалай барынша тиімді болу керектігін терең түсіну талап етіледі.

Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты – сіздерге, құрметті жасөспірімдердің ата - аналары, жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері туралы, баламен қарым - қатынаста болатын өкіндірерлік қателіктерге, жасалуы оңай бірақ дұрысталуы қиынға соғатын қателіктерге ұрынбауға мүмкіндік беретін ережелер туралы ақпар беру. Жасөспірімдік шақ – бала тұлғасының психологиялық іргетасының негізгі компоненттері қалыптасатын уақыт; оның өмірлік мақсаттарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының бүкіл жүйесін, нәтижесінде оның болашақтағы жетістігін немесе жеңілістерін айқындайтын уақыт.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама