Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Жай бөлшекті көбейтуді тез есептеудің жолдарын меңгере отырып, мәтінді есептеулерде қолдана білушілікке дағдыланады.
2. Дамытушылық:
Пәнге қызығушылығын ояту арқылы логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, өз бетінше еңбектендіре отырып, белсенділіктерін арттыру.
3. Тәрбиелік:
Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, тапсырмалар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.
Оқытудың әдісі: сұрау - жауап, түсіндіру, есептер шығару

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Слайд бойынша № 741 (жұп), № 743 (жұп), № 753 (1, 2) дұрыс жауаптарын тексеріп шығады.
ІІІ. Ой шақыру.
І топ: Квадрат қандай фигура?
ІІ топ: Сызбасын салыңыз.
ІІІ топ: Периметрін қалай анықтаймыз?
ІҮ топ: Ауданын қалай табамыз? (әр топтан бір оқушы шығады)
Ортақ талдау №753 (3)

ІҮ. Мағынаны тану. «Кім тез есептеу жолын біледі?»
№755 (тақ) Амалдарды орындау:
(3/4+1/20)∙1/2;
(7 3/5 - 2 4/15)∙9/32;
(5 1/2+2 3/5)∙5/9;
№755 мен №756 есептің айырмашылықтары неде?
№756 (есептің берілгеніне қалап қалай есептеу керек деп ойлайсыздар?)
1) 5/6∙9/15 - 5/12∙4/15;
2) 9/20∙2/3+5/14∙7/25;
3) 2 2/5∙5/6 - 3/4∙1 2/3;
№763
Мойынты мен Шу станцияларынан екі поезд бір - біріне қарама – қарсы жүріп, 3 сағаттан соң кездесті. Мойынтыдан шыққан поездің жылдамдығы 761/4км/сағ, ал Шу станциясынан шыққан поездың жылдамдығы одан 31/2 км/сағ кем. Мойынты мен Шу станцияларының арақашықтығын есептеңдер.

Ү. Сергіту сәті: «Алақан»
Ақ парақ, қалам аламыз. Әр топ мүшесі ақ параққа өз қолымыздың бейнесін түсіреміз. Осын салынған алақанның ортасына өз есімімізді жазамызда, көршімізге береміз. Көршісі бір саусағына алақан иесінің 1 не 2 жақсы қасиетін жазады. Одан кейін алақан иесінің көршісі келесі көршісіне береді. Алақан өз иесін тапқанша бір - бірімізге береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама