Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
Тақырыбы: Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
Мақсаты: Оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайлы, ауылымыздан қатысқандар батырлар жайлы және Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Әнұран орындалады
Мұғалім: Балалар, «соғыс» деген суық та қатігез сөзді біз қалай түсінеміз? Жалпы адамзат баласы үшін соғыс қажет пе?
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады. Бұл соғыста қазақстаннан 1 млн 196164 адам майданға аттанды Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы 4 ұлттық атты әскери дивизиясы 7 атқыштар бригадасы 50 - ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Соғыс Берлин деген қалада жүріп жатты. Бұл соғыс адамзат баласы үшін өте зор алапат қырғын майдан болды Бұл соғыста қырғын болғандардың саны 56 млн Оның ішінде біздің отандастарымыздан 20 млн - нан астам адам құрбан болған. Соғыс деген тек қана қасірет әкеледі. Бұл соғыста қаншама аналар ұлдарынан, балалар әкелерінен, аналар жарларынан айырылды. Көптеген қандастарымыз хабарсыз кетті. Соның ішінде біздің ауылымыздан да қатысқан көптеген аталарымыз бар.
Слайд көрсету

Соғыс жайлы тақпақтар
Аружан: Қара түнек, серпілді, серпілді
Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды
Аңсаған атты алтын таң
Майданға, майданға!

Ислам: Отаным еркелеймін өзге кімге
Өзіңмен нені болса көргем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде

Димаш: Ер елім көрсет тағы еңбек күшін
Еңбекпен қас дұшпанның өрті сөнсін
Түр білек, түс еңбектің туы астында
Бәрі де майдан үшін жеңіс үшін

Еркеназ: Соғыстың құны өртенген орман
Соғыстың құны – уланған орман
Соғыстың құны тесілген жүрек
Соғыс күні - кесілген білек

Нұрасыл: Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқыйылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған

Балалар бұл соғыста 470 - ке жуық «Кеңес Одағының Батыры» атағы қазақстандықтарға берілді, соның 96 - сы қазақ батыр аға - апайларымыз. Бұл сұрапыл соғыста ерлермен бірге әйел адамдар да болды. Олар ұшақпен көкке самғады, танк жүргізді, пулемет арқалады, ұрыс даласында мергендік көрсетті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама