Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жай сандар және құрама сандар
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: §10 Жай сандар және құрама сандар
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Білімділік мақсаты: Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу
Дамыту мақсаты: Танымдық қызығушылықты дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: ДКҚ №40, Жай сандардың кестесін пайдалану

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мән беру
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Сұрақтар:
1) 9 санына еселік сандар 3 санына еселік бола ма?
2) 100 алманы 3 жәшікке тең етіп салсаң, неше алма артық қалады?
3) 10 асықты 3 балаға тең бөліп бер, неше алма артық қалады?
№245 9 санына еселік санды жазу керек:
1) 420<><426,>
2) 375<><381,>
3) 563<><569,>

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1) 1 - ге және өзіне бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атаймыз
Мысалы: 13 және 101 - жай сандар
13 санының бөлгіштері: 1 және 13
101 санының бөлгіштері: 1 және 101
Ең кіші жай сан – 2 саны.
2 саннан басқа жай сандардың барлығы тақ сандар, сонда 2 саны ғана жұп сан
Жай сан шексіз көп.
2) Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды.
Кестедегі 35, 26, 18 сандары құрама сандар.
Мысалы, 8 саны құрама сан, бөлгіштері 1, 2, 4, 8
24 саны құрама сан, бөлгіштері 1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24
3) Натурал сан 1 - дің бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі – 1 саны.
1 саны жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайды.
Сыныпта шығарылатын есептер:
І - деңгей №258, 260, 262, 264, ІІ - деңгей №266, 268, 270, ІІІ - деңгей № 274, 276
шығармашылық деңгей қиындығы жоғары есептер
Оқушыларға берілетін таратпалар мұғалімнің қалауы бойынша жасалады
І деңгей
№258
жай сандар: 17, 23, 31, 97
құрама сандар: 28, 36, 70, 96, 120, 185, 207
№260
4=1+3
6=1+5
8=1+7
12=1+11
14=1+13
18=1+17
№262
Жай сандар қатарындағы екі тізбектес және айырмасы 2 - ге тең сандар егіз сандар деп аталады.
Мысалы, 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13 сандары егіз сандар.
Жай сандар кестесін пайдаланып, 1 - ден 100 - ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар:
17 мен 19, 29 бен 31, 41 мен 43, 71 мен 73 сандары егіз сандар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама