Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Математика 5 сынып
Тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Мақсат:
Жаңа білім: • Сандардың бөлгіштері мен еселіктері ұғымдарымен танысады және жай сандар мен құрама сандар туралы біледі.
Жаңа түсінік: • Оқушылар сандардың бөлгіштері мен еселіктерін және жай сандар мен құрама сандарды айырып таниды.
Қолданым әрекеті: • Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Шығармашылық әрекет: • Сандардың бөлгіштері мен еселіктері туралы білімдерін жинақтайды және түйіндейді.

Тақырып жоспары:
1. Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері.
2. Жай және құрама сандар.
•Анықтама: Егер натурал саны d натурал санына бөлінетін болса, онда саны d санының еселігі, ал d саны санының бөлгіші деп аталады.
Мысалы, 8 саны 4 санына бөлінеді. Сондықтан 8 саны 4 санының еселігі, ал 4 саны 8 санының бөлгіші болады.
Тапсырма: Еселік пен бөлгішке мысал келтіріңдер.
_____________________________________________________________
Жай және құрама сандар.
Натурал сандар бөлгіштерінің санына байланысты жай сандар мен құрама сандарға бөлінеді.
•Анықтама: 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан жай сан деп аталады.
Мысалы, 2 саны жай сан, өйткені ол 1 мен 2 - ге бөлінеді, 5 саны жай сан, себебі ол тек 1 мен 5 - ке бөлінеді.
Өз беттеріңше мысалдар келтіріңдер.
_____________________________________________________________

Жай сандар шексіз көп.
•Анықтама: Екіден артық бөлгіштері болатын сан құрама сан деп аталады.
Мысалы, 6 саны құрама сан, себебі төрт бөлгіші бар: 1, 2, 3, 6; яғни оның бөлгіштерінің саны 2 - ден артық.
Өз беттеріңше мысалдар келтіріңдер.
_____________________________________________________________

Ескерту: 1 санының бір ғана бөлгіші бар. Демек, 1 саны жай сан да, құрама санда емес.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. 1) 5 саны 15 - тің бөлгіші болады;
2) 75 саны 15 - тің еселігі болады;
3) 8саны 24 - тің бөлгіші болады;
4) 72 саны 8 - дің еселігі болады;
5) 3 саны 105 - тің бөлгіші болады;
6) 66 саны 9 - дың еселігі болмайды деген дұрыс па?

Пән мұғалімі: Бегасилова А. Е.

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама