Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жемістер мен көкөністер
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»
Апта тақырыбы: «Жеміс бағы»
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға жемістер мен көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Қимылды ойындар арқылы сезім мүшесі мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, жемістер мен көкөністерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету
3. Дамытушылығы: Тілдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап ойыны
Билингвалды компонент: жеміс - фрукты, көкініс - овощи
Көрнекіліктер: жемістер мен көкіністердің суреттері, слайд.
Әрекеттердің кезеңдері:
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші: Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, ұстазым,
Қайырлы таң, достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Добрый утра, учитель,
Добрый утро, друзья.
Посмотрите друг на другом,
Пожелаем добра.
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл - қозғалыстармен екі тілде қайталайды.
Балалар: - Қайырлы таң, ұстазым,
Қайырлы таң, достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Добрый утра, учитель,
Добрый утро, друзья.
Посмотрите друг на другом,
Пожелаем добра.
Іздену - ұйымдастырушылық:
Тәрбиеші:- Балалар бір жылда неше мезгіл бар? атайықшы
- Қазір қандай мезгіл?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: - Бір жылда төрт мезгіл бар. Көктем, жаз, күз, қыс;- күз мезгілі
күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші:- Балалар білесіңдер ме, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
Балалар:- алма
Тәрбиеші: Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Әкелді әжем бір күні
Құйрығынан суырып.
Балалар:- сәбіз
Тәрбиеші: Жер астында басы бар
Жер үстінде шашы бар
Балалар: қызылша
Тәрбиеші:- Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?
Балалар:- Күзде жинаймыз. З, з, з - күз, күз, күз
Тәрбиеші: Қане, бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп, дәмін татқысы келіп, ұшып жүрген ара болайықшы?
Балалар: - Ыз, ыз, ыз, ыз, ыз, ыз, ыз
Тәрбиеші:- Балалар жемістер ағашта өседі. Оларды өсіретін адамды бағбан дейміз.
Жемістерді атап көрейікші:
Балалар:- алма, алмұрт, жүзім, шабдалы
Көкөністерді атап көрейікші:
Балалар: - қарбыз, қауын, картоп, т. б
Тәрбиеші: Олардың құрамында дәрумендер өте көп.
Есік тоқылдатып, қоян кіріп келеді. Оң қолында сәбізі бар, сол қолында алмасы бар.
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар қоянмен бірге бойымызды сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Балалар: - Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер ме? Менің қолымдағы не?
Балалар:- Сәбіз. Ол көкөніс. Түсі сарғыш, ұзын. Ал екінші қолдағы алма. Ол жеміс. Түсі қызыл. Домалақ.
Тәрбиеші: Сендер жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар:
Адина:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Айназым:
Дәмі тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
Ғибрат:
Ауладағы бақшамда
Алма ағашын баптадым,
Майдандағы ағама
Сегіз алма сақтадым.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Дидактикалық ойын: «Бақша да ма, бау да ма?
Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру. Олардың айырмашылықтарын түсіндіру. Ағашқа жемістерді жинау керек. Себетке көкөністерді жинайды.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады. Сонан соң, көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қарастырады.
Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетеді.
Рефлексті - коррекциялаушы: Сұрақ - жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Тәрбиеші:- Балалар жемістерге не жатады екен? Ал, көкөністерге нелер жатады? Не келді қонаққа?
Балалар:- жемістерге алма, алмұрт, банан, лимон т. б жатады. Көкөністерге қияр, картоп, қызылша, қарбыз, т. б. жатады. Қоян келді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуі;
Түсінік: Жемістер мен көкөністер туралы түсініктері;
Нені біледі:- жемістер бауда, көкөністер бақшада өседі.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№35 «Балақай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Уразова Дина Рахымжановна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама