Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Түрлі - түстер әлеміне саяхат
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сенсорика»
Тақырыбы: «Түрлі - түстер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балалардың түстер және пішіндер туралы білімдерін бекіту. Үлкен - кіші ұғымдарын ажыратуға үйрету, пирамиданы жинауды орындата отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру.
Билингвалды компонент: қызыл - красный, сары - желтый, көк - синий, жасыл - зеленый.
Көрнекіліктер: шарлар, дидактикалық құралдар, слайд, аялдама белгісі салынған суреттер.
Сөздік жұмыс: қызыл, көк, сары, жасыл.
Оқу қызметі:
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші: Шаттық шеңбері:
Қане түзу тұрайық
Амандасып алайық,
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе апайлар!
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Іздену - ұйымдастырушылық:
Тәрбиеші:- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:- Қыс мезгілі
Тәрбиеші:- Иә, балалар, қыс мезгілі.
Қыста күн қандай болады?
Балалар:- салқын болады, адамдар жылы киінеді.
Тәрбиеші:- Қыста не жауады? Қыс айларын атайықшы.
Балалар:- иә, қар жауады.
- желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші:- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде ерекше болғалы тұр.
- Балалар қане, қазір біз түрлі - түстер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа бару үшін көлікпен баруымыз керек. Қандай көлікпен барамыз?
Балалар:- Автобуспен
Тәрбиеші:- Автобуспен барайық. Автобусқа мінейік.
- Балалар, біз бірінші аялдамаға келдік. Бұл аялдама «Шарлар»аялдамасы деп аталады. Бұл аялдамадан әрі қарай өту үшін «Шарларды өз себетіне жинаймыз». Дөңгелек шарларды өз түстеріне қарай қорапқа жинаймыз.
- Әр баладан жекелеп түстерін сұрау.
Билингвалды компонент: қызыл - красный, сары - желтый, көк - синий, жасыл - зеленый.
Сергіту сәті:
Бала - бала балақан
Қане көрсет алақан
Саусақтарым айбат
Былай - былай ойнат.
2 - аялдама. «Үйшік»аялдамасы.
Тәрбиеші: Бұл аялдамадан өту үшін «Құстарға ұя жасаймыз»Балаларға геометриялық пішінді үйдің қабырғасын беріп, сол үйдің шатырын салуды, пішіндерді орын - орынына қою керектігін айтамын.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар! Үйдің қабырғасының пішіні қандай?
Балалар:- Шаршы
Тәрбиеші:- Шатырының пішіні қандай?
Балалар: - үшбұрыш
Тәрбиеші:- Шаршының түсі қандай? Үшбұрыштың түсі қандай?
Балалар:- көк
Тәрбиеші: Балалардан жекелеп сұраймын.
- Балалар, келесі аялдамаға кеттік, автобусқа мініңдер. Балалар, бұл қандай аялдама? Бұл «Пирамида»аялдамасы екен.
3 - аялдама: «Пирамида»
Тәрбиеші:- Балалар, мына жерде пирамидалар шашылып қалыпты. Пирамидаларды жинаймыз ба? Пирамидаларды жинамас бұрын ең үленінен кішісіне қарай жинаймыз. Қане, балалар, менімен бірге ілесіп жинаңдар. Алдымен ең үлкенін, содан кейін сәл кішірегін, сосын осылай рет - ретімен жинай береміз. Пирамиданың сақиналары нешеу?
Балалар:- көп
Тәрбиеші:- Иә, олар көп екен.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, енді топқа баратын уақытымыз болды. Автобусқа отырып топқа қайтамыз.
Рефлекстік - түзету:
Тәрбиеші:- Балалар, біз қайда бардық?
Балалар:- Түрлі - түсті шарлар әлеміне.
Тәрбиеші:- Аялдамаларды атайықшы.
Балалар:- «Шарлар», «Автобус», «Үйшік» аялдамалары.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатыстыңдар.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңбер жасап тұрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Түстерді топтастыруды;
Түсінеді: Көп, біреу ұғымдарын;
Қолданады: Көлемі бойынша сақинаны таңдай отырып, пирамиданы жинауды.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№35 «Балақай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Уразова Дина Рахымжановна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама