Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жеңіс күні
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы,
№1 Жалпы орта мектеп-интернатында тәрбиеші
Оскенбаева Акнур

Тақырыбы: Жеңіс күні
Мақсаты: Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерлігімен таныстыра отырып, Жеңіс қуанышын сездіру. Балаларды екі топқа бөлу арқылы:
Тіл байлығын дамыту. Бейбітшілік туралы түсінігін кеңейту. Отанын сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: проектр, тақта.
Түрі: саяхат сабақ.
Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ойын, тірек сызба.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
- Құрметті қонақтар, «Балдырған» тобының «Жеңіс күні» атты арнайы тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.
- Ән: Ән ұран

2. Топтарға бөлу
- Сабақты қандай көңіл - күймен бастаймыз?
- Балалар, топқа бөлінбес бұрын ойын ойнайық!

Кім зерек?
Ойын шарты:
Мына төмендегі сөздердің екінші әріпін тере отырып сөз құрап аламыз.
Сәмет, алма, жиырма, Аяулым (Әлия)
Аман, кәмпит, ана, ашылды, күн, үкі (Мәншүк)
Жарайсыңдар!

ІІ. Қызығушылығын ояту:
– Батыр деген сөздің мағынасын ашу.
Батыр

Зор денелі;
жерін сүйетін;
елін сүйетін;
жаудан қорғайтын;
қару - жарағы бар.

 – Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер?
Оларға не себепті «Батыр» атағы берілді?

Сиқырлы сан. (Бұл сандар нені білдіреді?) 1941 - 1945
Ұлы Отан соғысы
1941жылы 22 - ші маусымда басталып, 1945 жылы
9 мамырда аяқталды. Кеңес елі жауды жеңіп, жеңіске жетті.

 Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың қосқан үлесі зор.
 Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
 1941 - 1945 жылдары Қазақстанда 460 зауыт, фабрика, кәсіпорындар салынды. Онда соғысқа қажетті мина, снаряд, радиоқұралдар, техника шығарылды. Сонымен қатар мыс, көмір, металл өндірілді.
 Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде
 34 млн. тонна көмір өндірді.
 Атылған әрбір 10 оқтың 9 - ы Қазақстан металынан құйылған.
 Бұлар кімдер? Олар туралы не білесің?
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтардың суреті.
 Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың қосқан үлесі. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
 1941 - 1945 жылдары Қазақстанда 460 зауыт, фабрика, кәсіпорындар салынды. Онда соғысқа қажетті мина, снаряд, радиоқұралдар, техника шығарылды. Сонымен қатар мыс, көмір, металл өндірілді.
 Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 млн. тонна көмір өндірді.
 Атылған әрбір 10 оқтың 9 - ы Қазақстан металынан құйылған.
 Майдандағы ерліктері үшін қазақстандық 499 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
 Қазақстанға соғыс өрті шалған жерлердің тұрғындары көшірілді, оның ішінен 10 мыңдай баланы қазақ отбасылары асырап алды.

ІII. Мағынаны тану «Ребус» шешу
Шешуі: Жеңіс күні

Жеңіс күні

Гүл шоқтарын қоямыз
Тулар желбірейді
Жылда тойлаймыз
Көп қуаныш
Ән айтамыз
 Біздерге бейбіт өмірді кім сыйлады? «Батырдың аты өлмейді» деп неге айтамыз?
 Ұлы Отан соғысына қатысқан, мерт болған жауынгерлерге арнап ескерткіштер қойылған. Солардың атымен аталған мұражайлар, көшелер, мектептер өте көп. 9 Мамыр – Жеңіс күні ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, тағзым етеді.
 Батырлық, ерлік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?

«Әлия» тобы
Қоянды қамыс өлтіреді
Батырды намыс өлтіреді.

«Мәншүк» тобы
Батырдың аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді.

IV. Сергіту сәті.
«Бұл қай батыр?»
1) а, л, т, ғ, а, т.
2) и, я, л, ә.
3) б, у, ж, а, а, н, ы, р.
4) ә, м, н, ш, к, ү.

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама