Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сан есім
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Новобогат орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Құспанова Ш. Ж.

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін тереңдете отырып, сөз таптары туралы білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Түрлі тапсырмалар орындай отырып, сан есім туралы білімдерін арттыру.
ә) Дамытушылық: Алынған нақыл сөздер мен мақал - мәтелдерді негізге ала отырып, пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта ойланады, пікірлеседі, өз ойларын дәлелдейді, сауатты жазуға төселеді, сөйлеу дағдысы қалыптасады, Сөйлем түрлерін ажыратуға жаттығулар жасайды
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістері: «Айналмалы бекеттер»әдісі, «Сократтың қос сақинасы» әдісі, түрткі болу, қайта бағыттау сұрақтары
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Оқыту формалары: Жеке, топтық, жұптық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа бағыттау, психологиялық дайындық.
Сөз таптары бойынша 3 топқа бөлінеді.( зат есім, сан есім, сын есім)

II. Өткен материалды еске түсіру.
Мақсаты: Жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілген материалды жеңіл, ұғынықты меңгерту.
Жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс: «Сандар сөйлейді» ойыны.
Мақсаты: Сан есімдерді қолданып, сол санға байланысты қасиеттерді айтады. Мысылы 7 - киелі сан, жеті қазына, жеті жұт, жеті қарақшы т. б.

III. Жаңа білімді меңгеру.
Мақсаты: Дербес тұрғыда әрекеттер іске асады.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары «айналмалы бекеттер» әдісі арқылы (473, 474, 475 жаттығулар) орындалады.
473 - жаттығу. 1 - бекет тапсырмасы Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдер қойып жаз.
Асқар... жаста. Ол... сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа... теңге тұрады.
Сан есімдерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту. Жеті, екінші, алпыс; сан есім жеті, жеті жаста,

Ереже шығару
Сан есім заттың санын, ретін білдіреді.
474 - жаттығу 2 - бекет тапсырмасы Ребуысты шеш:
Ребуыс шешуі: Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды. Ребустан шыққан мақалды көшіріп жазып, сан есімдерді ата. Мақалдың мәнін түсіндіру.
Сан есім бір, Осы сөйлемге айтылым тыңдалым әрекеті бойынша ой толғау жасайды.
475 - жаттығу 3 - бекет тапсырмасы Бағандағы сөздерге сұрақ қой. Салыстыр.
Бір --- Біреу
Екі --- Екеу
Үш --- Үшеу
Төрт --- Төртеу
Бес --- Бесеу
Алты --- Алтау
жеті --- жетеу
Сұрақ неше? Нешеу? Ереже шығару Сан есім неше? Нешінші? нешеу? сұрақтарына жауап бередіЗаттың санын ретін білдіреді. Жазылым, айтылым, тыңдалым іс – әрекеттері жүзеге асырылады. Топтарлар бірін - бірі бағалайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама