Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жер қыртысының қозғалысы
Тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы
Мақсаты: - Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайында білім беру. Оқушылардың «жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
- Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.
- Жер қозғалыстары туралы білімдерін кеңейтіп, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Оқушы жер қыртысындағы қозғалыстарды біледі және дүниетанымдық көзқарастары қалыптасады.
Негізгі идеялар Сынып оқушыларының ой - өрісі жетіледі. Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі. Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
Сабақтың түрі: Қалыпты дағдыларды меңгеру
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Адасқан терминдер, тест, миға шабуыл, баспа материалдарымен жұмыс (топтық жұмыс), құндылықтар спектрі
Жабдықтар: АКТ, суреттер, постер, маркер, желім, қайшы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын қадағалау.
Жердің ішкі құрылысы аттарымен топтарға бөлу. Бағалау парақтарын тарату.

Сергіту сәті:«Сәлемдесу» ойыны
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І. Адасқан терминдер
Тау жыныстары, шөгінді, магмалық, метаморфты

ІІ. Тест
1. Жердің сыртқы неше қабығы бар?
А) 5 В) 4 С) 6 Д) 7 Е) 2
2. Жердің ауа қабығын көрсет.
А) Атмосфера В) литосфера С) гидросфера Д) биосфера Е) астеносфера
3. Жердің қатты сыртқы қабаты.
А) ядро В) мантия С) жер қыртысы Д) астеносфера Е) материк
4. Жердің су қабығы
А) Атмосфера В) литосфера С) гидросфера Д) биосфера Е) астеносфера
5. Жердің тіршілік қабығы
А) Атмосфера В) литосфера С) гидросфера Д) биосфера Е) астеносфера
6. Мантия қабаты қанша км - ге дейін созылып жатыр?
А) 2900 В) 1900 С) 2700 Д) 3900 Е) 4900
7. Жер қыртысында су, жел т. б күштер әсерінен пайда болатын жыныстар
А) магмалық В) шөгінді С) метаморфтық
8. Тау жыныстарын зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарымен кімдер айналысады?
А) географтар В) демографтар С) этнографтар Д) геологтар Е) тарихшылар
9. Құрлық пен судағы өсімдік пен жануарлар қалдықтарынан қалыптасқан шөгінді тау жынысы
А) кесек В) органикалық С) химиялық
10. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар
А) минералдар В) ресурстар С) пайдалы қазбалар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама