Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Шығыс Еуропа елдері
Тақырыбы: Шығыс Еуропа елдері
Мақсаты: Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық географиялық және геосаяси жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына сипаттама беріп, тақырыптың мәнін ашу. Оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Экономикалық географиялық жағдайын, табиғатының алуан түрлі ерекшеліктерін біліп, халқының тұрмыс тіршілігін, елдері жайлы мәліметтер алады.
Негізгі идеялар: Сынып оқушыларының ой - өрісі жетіледі. Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі. Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
Сабақтың түрі: Қалыпты дағдыларды меңгеру
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Географиялық диктант, ой шақыру, бірін - бірі оқыту (рөлдік топтық жұмыс), "Екі жақты күнделік" әдісі
Жабдықтар: АКТ, дүниежүзінің саяси картасы, Шығыс Еуропаның физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы, постер, маркер,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын қадағалау.
Мамандық аттарымен топтарға бөлу. Бағалау парақтарын тарату. Дайындық, есеп береді.
Топтарға бөлінеді. Бағалау парақтарымен танысады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Географиялық диктант.
1. Оңтүстік Еуропа елдері Жерорта теңізіне сұғына еніп жатқан Пиреней және Балқан түбектерін аймағын алып жатыр,
2. Оңтүстік Еуропадағы аса ірі ел – Испания.
3. Оңтүстік Еуропа халықтары үнді еуропалық тіл семьясына енетін тілдерде сөйлейді.
4. Испанияның мемлекеттік құрылымы - парламенттік монархия.
5. Әкімшілік аумақтық жағынан 50 провинциядан тұрады.
6. 90% жер бедерін таулы үстірт алып жатыр.
7. Қалаларда ел халқының 64 пайызы тұрады.
8. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Батыс Еуропада 5 орында.
9. Испания ауыл шаруашылығының 53 пайыздық үлесі өсімдік шаруашылығына тиесілі.
10. Жылына Испания жеріне 50 млн турист келеді.
11. Ауданы жөнінен Франциядан кейінгі екінші орынды алады.
12. Испанияның мемлекет басшысы - король.
13. Испания орман көлемі жөнінен Батыс Еуропа елдері ішінде екінші орында.
14. Елдің ең ірі әуежайлары - Мадрид, Барселона, Канар, Лас Пальмас.
15. Мал шаруашылығының айрықша саласы – бұқалар өсіру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама